Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев
-
Название:Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:107
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».
Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги
Есен-сау үйімізге қайттық аман.
Жазылуы олақ болғанымен бұл тәрізді әзіл өлеңдер ауыздан-ауызға тарап кеткіш, сыналып отырған адамға әсер еткіш болады.
Әліппедегі өлеңдерге және ұстазым Сағатбайға еліктеп мен-дағы өлең жазуға құмартам.
Октябрь мерекесінің құрметіне біз алдын ала дайындалып, колхозшыларға концерт қойып бердік. Сол кеш менің есімнен еш уақытта кетпейді.
Жаман мектептің іші өзінше тап-таза болып сыпырылған. Темір пеште ерекше жомарттықпен маздап жанған от. Үй іші жылы. Екі жерден шишалы ондық шам қойылған. Шаршылау келген кластың терезе жағы шымылдықпен бөлініп, сахна жасалған.
Ұмытпасам, сары шымылдық.
Осының бәрін ұйымдастырып, әлекке түсіп жүрген адам Сағатбай.
Концертке қатысушының бірі менмін. Өнерім – тақпақ айту. Біз, «артистер», жұрт жиналмастан бұрынырақ келгенбіз. Жүрегім қуаныштан кеудеме сыймайды. Дәл мұндай салтанатты көңілді кешті өмірі көрген емеспін. Қолтығымнан қанат біткендей өзімді-өзім қоярға жер таппаймын. Әлсін-әлсін шымылдықтың сыртына жүгіріп шығам, қанша адам жиналғанын қараймын.
Концертке Майра да қатысады, ән айтады. О, сіз Майраның ән салғанын көрсеңіз! Майраның дауысындай әсем дауыс қыздардың біреуінде жоқ.
Менің бір байқаған нәрсем, табиғат өзінің сүйкімді етіп жаратқан пендесін өнерден еш уақытта да құр тастамайды. Бір өнерді оның кеудесіне қалай да құйып, бірге жаратады. Кейде тіпті сүйкімді сұлу адамға оның тән сұлулығы аздық ететіндей үйіп-төгіп, бәрін береді.
Өзі сұлу болып, өзі ақымақ болған пендені мен сірә, көрмеген тәріздімін. Сол секілді ақылды, талантты адамдардың өңсіз, дөрекі жаралуы және сирек.
Қалай десеңіз де, нені неменеге орауды білген жаратылыс. Майрада, менің Майрамда, бәрі бар: ақыл да, талант та бар. Сұлулығы өз алдына, бүгінгідей өмірде сирек кездесетін әдемі кеште Майра тіптен әдемі. Ол өзінің ең жаңа, ең қонымды киімдерім киіп келген. Бұрымдарының ұшына жібек лента таққан. Аяғында қардай аппақ, ақ пима. Өзі де аппақ, маржандай тісі де аппақ.
Майраның тал бойында ине жасуындай бір мін болса, ол оның мұрнында. Мұрны сәл тампыштау. Бірақ ол да мін емес. Қазақ жақсы көрген баласын тампышым демей ме? Томпаң қаққан Майраға кішкене тампыш мұрын, қайта, жарасатын тәрізді. Күлімдеген кезде әдемі танаулары делдиіп, қоса күлімдегендей болады. Міне, міне, дәл осы кезде екі бетінің ұшында әсем бір томпақшалар орнай қалады. О, Майраның кісіге көзқарасы қандай! Ол жақсы көрсін, жаман көрсін, бір ғана рет қараған көзқарасымен білдіреді. Айтарының бәрін де сонымен айтып салғандай болады. Кеще болмасаң, ұғасың, түсінесің.
Сөйтіп, мен концерттің басталуын күтіп, өзімді қоярға жер таба алмай жүрмін.
Жиналған адам саны қанша болғанын байқамаққа тағы да шымылдықтың сыртына жүгіріп шықтым. Дәл осы арада бетпе-бет Майра ұшырасып қалсын. Ол-дағы көбелектей ұшып-қонып, тыным таппай жүргеннің біреуі. Мен Майраның білегінен қалай шап беріп, ұстай алғанымды өзім де байқамай қалдым. Ол кілт тоқтады. Не айтасың дегендей күтіп тұр. Жүр бері деген кісіше жетелей жөнелдім. Майрада қарсылық жоқ, ілесіп берді. Кластың бүйір қабырғасының орта тұсында бір кісілік бұлтық қуыс бар. Құпия бірдеңе айтатын адамша Майраны сол қуысқа ертіп келдім. Бірақ келіп алып, мелшиіп үнсіз тұрмын, ештеңе айта алмай тұрған сөзімді естіп білгенше ынтық болады.
– Кейін айтам, – дедім де, қаша жөнелдім.
Соңымнан Майра жүгіріп келеді.
Кейін не айтпақ болғанымды өзім де білмеймін.ҚазаШешемнің халі күрт түсіп кетті. Далаға әрең шығады. Төсегі қаңылтыр пештің түбіне жерге салынған. Күндіз-түні ыңыранып жатады да қояды. От жанғанда қаңылтыр пеш қызып кетеді де, терлейді. От сөнсе, тез суиды да, жаңа ғана былбырап терлеп жатқан анам енді тоңази бастайды. Сөйтіп, аса жайсыз жағдайда жатқандықтан ауруына ауру жамала береді.