Knigionlineru.com » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Солай, азамат тергеуші.

– Оттама.

– Оның несі оттау? Шындық қой. Әлде сіз өлмейсіз бе? Құдайдан «өлмейсің» деген кепілдік алып па едіңіз?

– Жоқ. - Глебовтың аузынан еріксіз шығып кетті.

– Әне, көрдіңіз бе, ондай кепілдігіңіз жоқ. Ендеше, сіз бен біз әлі Шын дүниеде кездесеміз. Мені бүгін атып тастарсыз, не ертең... Бәрібір. Ал содан кейін мен Шын дүниеде сізді күтіп жатамын. Асықпаймын. Жанталасып өлмеуге тырысарсыз. Енді кем болса елу жыл жасарсыз. Мейлі жүз жыл болсын. Мен асықпаймын. Әйтеуір, бір келесіз. Әне, сонда...

– Сонда не болады?

– Сонда мына маған істеген адам айтқысыз айуандығыңыздың бәрі алдыңыздан шығады.

– Хм - м, - Глебов «Беломорканал» папиросының қорабын түбінен шертіп жіберіп, бір талын алып, шырпы тұтатты. Қолы кәдімгідей дірілдеді. Бұл пенде. Небары кәдімгі ажалды пенде. Ажал туралы шындап ойға қалған сыңайлы.

Сонымен бірге, ол Рысқұловтың сөз саптауына тан қалды. Бұрын мұндай емес - тін. Ленинмен сөйлескені несі? Сандырақтап отыр дейін десе, сөзінің қисыны бар. Бірақ Ленинмен сөйлесу... қисынға келмейді. «Шын» дүние дегенді шығарыпты. Мұнысы да қайран қалдырады. А, бәлкім, бұл «жақсылықтың» нышаны шығар. Енді бұған құжатқа қол қойдыру оңай болар.

– Сөйтіп, Рысқұлов, екеуміз біраз мылжыңдасып алдық. Енді іске көшейік. Міне, мына протоколға қол қоясың, - деп Глебов түптелген том-том үш кітапты көрсетті.

– А – а - а, - деді Рысқұлов ол кітаптарға селқос қарап. - Яғни, Рысқұлов үш бірдей мемлекеттің шпионы. Кеңес өкіметін құлатпақ болды. Бұл жөнінде Рыковпен сыбайлас. Көсемдердің көзін жоймақ болды, яғни терроршы. Ұлы Тұран мемлекетін құрмақ болды, тағысын тағылар. Осы ғой. Оны мен мойындап қол қоюым керек. Осы ғой?

– Осы.

– Жарайды, Глебов. Мен қояйын. Бірақ сен Ақ теңіздегі баламды алдыр. Ескендір Рысқұловты осында алдыр. Бір корейін. Бір-ақ рет. Әйелім Әзизаны, басқа балаларымды қинамаңдар. Олардың ешқандай жазығы жоқ. Мен қол қояйын, бірақ баламды бір көрсет. Содан соң, неге болса да мен дайын.

Негізінде талабы дұрыс. Рас, НКВД тұтқындармен тәжікелеспейді. Дегенмен қатыгез заңнан да саңылау табуға болады. НКВД үшін алыстағы жатқан баланы алдыру қиын емес.

Рас, Рысқұловты тағы да азаптауға болады. Есінен мүлде адастыруға да құдірет жетеді. Өзі де адасуға бейім тұрған сияқты. Бірақ Глебов жалыққан сияқты. Ол Рысқұловқа:

– Жарайды, - деді.

***

Ескендірдің Ақ теңізден оралуы осындай себептен еді. Бірақ ол әкесіне жолыға алмады. Рысқұловтың ақырғы арманы орындалмады.

«Халық жауларының» тізімі оқтын-оқтын Сталиннің алдында жататын. Әрине, «халық жауларының» қошқарлары. Бүкіл Одақ бойынша миллиондаған «жау» болса, оның бәрін Сталин қалай оқып отырады. 1937 жылы ұсталғандар түрмелерде әлі отыр. Міне, 1938 жылдың күзі болды, әлі жаза жоқ. Ұзаққа созылған бұл неғылған тергеу, неғылған сот?!

Сталиннің көңіл күйі пәс еді. Болмашы нәрседен көңілі бейжай болды. Дәу қара трубкасын тұтата бергенде, трубка тарс ете қалды да, от шоршып, мұртының ұшын жалап өтті. Кәдімгідей күйген жүннің қоңырсық иісі шықты.

Неге екені белгісіз. Әлде, «Золотое руно» темекісінің ішіне біреу оқ-дәрі қосып қойған ба? Әлдеқалай араласып кетті ме? Бұл не? Қастандық па? Мүмкін, біреу оқ атты ма?

Басы жап-жалтыр көмекшінің зәресі кетті. Сталин шегетін темекіні дереу зерттеуге алдырды. Табан астында Ежовты шақырттырды. Сөйтіп «темекі ісі» басталды да кетті. Ол темекі қайдан әкелінеді, кім дайындайды, Кремльге кім жеткізеді, кімнің қолынан, кімнің тексеруінен өтеді - тұтас тізбек қатаң тергеуге түсетін болды. Құда қаласа, құрбандық мол болады.

Мұрттың ұшы үйтілді екен деп тіршілік тоқтап қалмайды. Сталин құсаланып жатып алмайды. Ежовты қасына алып, «халық жауларының» қошқарларының тізімін қолына қалам алып отырып, қайта қарап шықты. Троцкий шет елде. Зиновьев отыр. Каменев отыр. Томский отыр. Бухарин отыр. Рыков, Рудзутак отыр. Сокольников, Чубарь, Радек дейтіндер отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий