Knigionlineru.com » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қара қойдың отары Кекілік сайдың күнгей қабағындағы шырмауық аралас шүйгінде шылқып жатыр екен. Таудан түсіп келе жатқан жалғыз аттыны алыстан шалып тұрған Ералы қойшы көк есегін «ықылап» аңшының алдынан шықты. Салт атты таяп келгенде Рысқұл екенін танып:

– Е, бұл кім десем, батырмысың? Аманбысың, әкебай. Үй ішің, мал-жан аман ба? Аңнан қайттың ба? Қанжығаң майланды ма?

Жалпақ мұрын шұбар шал жалпаңдап жатыр. Шын көңілі сол-ақ тау аңғарындай аңқылдақ. Бірақ әлгі аман-саулық сұрасуы кекесіндей естілді. «Қанжығаң майланды ма?» – дейді көріп тұрып. Қанжыға жылан жалағандай тып-типыл емес пе?!

– Ереке, әне бір құнан қойды ұстап маған өңгерте салшы, – деді аңшы.

Қойшы «қалжыңы шығар» деді.

– Байдың малын қайтесің, батыр, – деп күлген болып еді, мұрны бұрынғыдан бетер жайылып кетті.

– Ау, Ереке, мен шын айтып тұрмын.

– Е, батыр, жаман ағаңды қылжақ қылғың келеді, ә? Жөн-жөн. Өзімнің қойым болса, сөзіңнен садаға деп сол құнанды алдыңа атып ұрар едім, амал қайсы, амал қайсы, әкебай?!

– Болмаса, Ереке, болысқа айта бар, бір қойды Рысқұл тартып әкетті де, менен жәбір көрген болып, жыламсырап бар. Қалғанын мен өзім көре жатармын. Қазір қой зәру болып тұр. Ал, айып етпе.

Рысқұл отардың шетіне жақындай бергенде кілең семіз жануар осқырынып, жабайы арқардай тікшиіп, дүр етіп үрке қашты.

– Әй, батыр-ау, оның не бала құсап, тыныш жатқан малды үркітіп.

Рысқұл енді оның сөзін тыңдап тұрмай, атын тебініп қалып, шауып өтіп бара жатып, бір тоқтыны ат үстінен іліп алып, тыпырлатып алдына өңгеріп жүре берді.

– Айып етпе, Ереке. Кешір! Болысқа мені жаманда. Аямай жаманда.

– Мынау жынданған ба? – деп қойшы көк есегін «ықылай» берді...

* * *

Ералы қойшы Рысқұл үйреткендей, жылаған да жоқ, Рысқұлды болысқа жамандаған да жоқ. Аңшының әрекеті дөрекі, қиянаттау болса да: «Рысқұл да мен сияқты жарлы ғой. Қайтейін, өз шынтағыңды өзің тістей алмайсың. Оны ұстап бергенде не береке табамын. Мұндай озбырлығы жоқ еді, зәруліктің шырғалаңына түскен кемтарлығы шығар», – деп Ералы өткен уақиға туралы ешкімге тіс жармады.

Бірақ ауылдас үйдің ұрлығы жатпайды, қара қойды алдына өңгеріп бара жатқан Рысқұлды болыс ауылының бір жандайшабы көріп қалып, мырзасына дереу жеткізген. Болыс бұл хабарға мән бермеген болды. Қойшыны да қысқан жоқ. «Е, тәйірі, соны да сөз деп айтып тұрсың ба!» – деп қайта хабаршыны жазғырып, бетін қайтарып тастады.

Бұл әңгіменің куәсі болғандар:

– Апыр-ай, біздің мырза тым текті-ау, кең ғой, жарықтық. Тұқымбай болса, бір тышқақ лаққа бола ылаң салып, боғын пышақтар еді, – деп болыстың айдынын шалқыта түсті.

Сонымен бұл әңгіме ұмытылып та кеткен. Бір күні болыс төңіректегі ауылдарды аралап қыдырып қайтпақ болып, атқа қонды.Жанына бірер адам ғана ертті. Ішінде Таубай старшын бар. Ауылға болыстың өзі келсе – тегін емес деп түсінетін халық дүрлігіңкіреп қалған. Не тағы бір жаңа салық салынады, не әлдекімді соттап, жазалайды. Болыс тегін жүрмейді.

Ел күткендей болмады: ешкім жазаланған да жоқ. Жана салық та салынған жоқ. Болыс старшынның үйінен қымыз ішкен соң, тамағына да қарамай, Тау-Шілмембеттің жатағына ат басын бұрды. Аттың басын Рысқұлдың лашығының маңдайшасына тіреп тұрып:

– Рысқұл! О, батыр, бері шығып кет, – деп дауыстады.

Рысқұлдан бұрын тысқа қасқыр көз қара торы бала атып шығып, сырттағы аттыларға бақшиып қарап тұрды да лезде ішке кіріп:

– Көке, болсаңшы, – деді Тұрар әлденеге бала жүрегі суылдап.

– Кім болса да өті жарылып кетпес, күте тұрады. Әбіржуші болма! – зілдене айтты көкесі.

Рысқұл тысқа баласын ерте шықты. Тұрар шегіншектеп еді: «Жүр!» –деді көкесі.

– О, болыс-еке! Жай ма! – деп Рысқұл ат үстіндегі Саймасайға қол берді. Сонан соң Тұрарды итермелеп:

– Болысқа сәлем бер, – деді. Үйдей үлкен Қалды қызыл айғырдың үстіндегі болысқа баланың созған қолы жетпеді, болыс та еңкейе қоймады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий