Knigionlineru.com » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шынында да, мынау — табылған ақыл. Маладес, Петька! Қуанғаным сондай, күліп жіберсем керек.

− Қанат! — деді Әнипа апай саңқ етіп, даусы қатты, ашулы шықты. Селк ете қалдым.-Сабақ тыңдамасаң, бар, далаға шығып күл! — деді.

− Апай, байқамай қаппын.

− Бар, бар, далаға!

Әнипа апай көзілдірігінің астынан тесірейе қарап, қарсы алдыма кеп тұрып алды. Маған аса ренішті, ашулы еді.

− Мен кімге айтып тұрмын?! Бар далаға!

Амал жоқ, кластан шығуға тура келді. Бұл менің төрт жыл оқығандағы алғаш рет кластан қуылғаным еді. Көңілім жабығып, өзімді де кінәлі санап, жайымды ұқпаған Әнипа апайға да іштей ренжіп, сыртқы есіктің көзіне шықтым. Қайда барам? Балалардың бәрі класта отыр, үйге баруға зауқым жоқ, мектеп есігінің алдынан ауыл түгелге жуық көрінеді екен, келесі үзіліске дейін осы арада тұруды ұйғардым.

Сұрқай тартқан бұлыңғыр аспан. Бір апта болды, өстіп түтін басқандай түнереді де тұрады. Күннің көзін көруден де қалдық. Күннің көзі көрінбеген соң, ауа да жылынбайды екен. Түстіктен бір өкпек жел үрлейді де тұрады. ЬІзғары қозғалмай тұрсаң лезде бойды қалтыратып, сүйектен өтеді. Қардан құлантаза тау күнгейі де күннің көзі болмаған соң бойы құрысқандай боп сұрықсызданып, тоң-торыс жатыр. Жауын-шашын мен жел мүжіген ауыл үйлері қабырғалары алапес-алапес болып, қалай болса солай тігілген қотыр асықтар құсап сол сұрықсыз тауды алқымдай орын теуіпті. Бір қарағанда тіршілік белгісі жоқ сияқты, тым-тырыс, тек кейбірінің төбесінен түтін будақтайды… Көшеге шыққан мал да, адам да шеттерінен жүдеу, аяқтарын қалт-құлт басады, бүрсек-бүрсек етіп жел өтіне шыдай алмай, әлгі қотыр асық үйлердің ықтасын, тасаларына тығылады.

Албыр-жұлбыр домаланған біреу көшенің басынан бері қарай үйден үй аралап келеді. Бұл — жетім қыз Тоштан. Бүбітай боранда ұшып өлген соң, оның мал-мүлкін жамағайындары бөлісіп алды да, бұл мүлде панасыз қалды. Содан өстіп күніне бір ауық үйден үй аралап қайыр тілейді. Біреу бір уыс бидай салып береді қалтасына, біреу бір кесе айран ішкізеді, енді біреулер құрт-ірімшік ұстатады, бір кезде әкесін-шешесін көргендер мүсіркеп, аяушылық білдіреді де, ал ештеңесі жоқ үйден сүмірейіп бос шығады. Осы күні ауылда өстіп қайыр тілейтіндер шыға бастады. Тоштаннан кейін үйден үй аралауға кішкентай Көпен шығады. Кәдімгі бізбен бірге оқитын Көпен. Біраз болды, ашыққан соң оқуды тастап кетті. Шешесін колхоз қыс ортасында ағаш қиюға жіберген, жетпістен асқан атасы екеуі ғана тұрады. Бұрын атасы колхоздың малын бағатын, біраз болды, аяқ асты көзі көрмей үйінде отырып қалды. Азын-аулақ жиған-тергендері біткен соң, соқыр шал мен немересі қайыр-садақамен күнелтуде. Бұлардан да гөрі жағдайы ауыр бір қайыршы бар ауылда. Ол — шешен әйел Хауа. Мұрны қоңқиған, көзі шүңірейген ұзын бойлы әйел кішкентай қызы Айнаны ертіп алып, үсті-басы алым-жұлым боп ертеден кешке дейін ауылды дамыл таппай аралайды. Бір кірген үйіне бірнеше рет кіреді. Сонда да байғұсқа ешкім ештеңе бере қоймайды. Аяп кеткендері қызына сүт немесе айран ішкізеді, ал Хауаның өзі мүлде аш жүреді десе де болады. Кейбір қатыгездер: «Саған бірдеңе бермек түгілі, өзіміз де аш отырмыз, әрі, аулақ жүр!» — деп, есігі нің алдынан малды қуғандай таяқпен ұрып қуып жатады. Ондайда Хауа байғұс шешенше бірдеңелерді айтып, ыңырси сөйлеп, соққыдан басын қорғалап өңкеңдеп қашпақ болады. Соңғы кезде өзінің аяқ-қолы, бет-аузы домбығып ісіне бастаған сияқты. Тәлтіректей ілбіп әзер жүр. Біз балалар жалғыз-жарым, бетпе-бет кездесіп қалғанда Хауадан қорқамыз да. Жо, ол тиіседі, тарпа бас салады деп қорықпаймыз, тірі аруақтай түрінен қорқамыз.

Қазір де ауылдың әр тұсында жүрген осы қайыршылардан өзге ешкім көрінбейді. «Тезірек қоңыр сиырымыз бұзауласа, Тоштанға да, Көпенге де, Хауа мен қызы Айнаға да уыз берер едік-ау,- дедім оларға жаным ашып.- Тіпті күнделікті сүт те беріп тұрар едік».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий