Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Аграмант қосынындағы өзара қырқыс... — “Қаһарлы Роландтың” ХХҮІІ жырында Ұлы Карлдың өтініші бойынша жебірейіл Михаилдың Парижді қоршап жатқан Аграмант патшаның қосынына іріткі салатыны жайында айтылады. Өзара қырқыс пайда болып, ақыры Аграмант бұған Собрин патшаның кемеңгер кеңесі бойынша тоқтау салады.

“Алькавала” — қандай да болсын сатылған затқа салынатын салық; Сервантестің заманында ол он пайыздан артықты құрап, елдегі тауар айналымға ауыр зардап келтірді.

“Королева туфлиі” — патшаның некеге тұруына байланысты өндірілетін салық, бұдан түскен қаражат тек королеваның өз басына, оның өз қажеттіліктерін өтеуге жұмсалатын.

Аренда — орта ғасырларда жеті жылда бір рет төленіп тұратын жер салығы.

XLҮІ т а р а у

Октавиан тұсындағыдай тыныштық... — О к т а в и а н А в г у с т — Рим императоры (жыл санауымызға дейінгі 27 ж. — жыл санауымыздың 14 ж).

... қашып бара жатқан нимфаның соңындағы қуғыншы... (м и ф.) — Нимфа Дафнаны қуып келе жатқан Феб (күн).

XLYІІ т а р а у

“Ринконета мен Кортадильо жайындағы хикаят” — Сервантестің 1613 жылы жарық көрген “Ғибратты новеллалар” жинағына енді.

Каноник — собордағы священник.

Индия браминдері — дәлірек айтқанда, ежелгі Индия халқы бөлінген төрт кастаның ең жоғарғы тобына жататын брахмандар, абыздар.

Эфиопияның гимнософистері — Египет пен Эфиопияда кең тараған ежелгі үнді діни сектасы. Ол жұртты өмірде жан рақатын таптыратын нәрсенің бәрінен безінуге, тәнді тозғындатуға, байлық пен құрмет-қошеметке қызықпауға шақырды.

Милет ертегілері — Милеттік Аристид құрастырған (шамасы, ж.с.д. ІІ-ші ғ. аяғында болса керек) махаббат новеллаларының жинағы жөнінде әңгіме болып отыр. Бізге жетпеген бұл жинақтың “Милет ертегілері” деген атауы осы жанрдың жалпы есіміне айналды.

Аполог — аллегориялық әңгіме, тағылым берерлік мысал.

Птолемей — Клавдий Птолемей, жыл санауымыздың ІІ-ші ғ. Александрияда ғұмыр кешкен математик, астроном және географ.

Синонның сатқындығы — С и н о н — ішінде грек сарбаздары жасырынып жатқан ағаш атты қалаға кіргізудің қажеттілігіне троялықтарды үгіттеп көндірген грек.

Эвриалдың достыққа адалдығы — Н и с пен Э в р и а л — Энейдің серіктері, олардың араларынан қыл өтпес достығы жайында Вергилийдің “Энеидасында” суреттеледі.

Зопирдің тұрақтылығы — З о п и р — вавилондықтардың парсы патшасы Дарийге қарсы көтерілісі кезінде өзін-өзі ауыр жарақаттап, вавилондар қосынына өткеннен кейін, оларды өзін осындай халге душар қылған Дарий деп сендірген парсы жауынгері. Осылайша вавилондықтар сеніміне ие болған ол кейін олардың Дарийге мойын ұсынуына қол жеткізеді. Алайда, патша мұндай құрбандықпен келген жеңісті пайдаланудан бас тартады.

XLҮІІІ т а р а у

...грек және латын поэзияларының қос алыбы — Гомер мен Вергилий.

Комедия — ХҮІІ ғасырдағы Испания драматургиясы жанрға бөлу дегенді білген жоқ (комедия, драма, трагедия деген секілді). Мазмұны қандай болғанына қарамастан барлық үш актылы пьеса комедия деп аталды.

“Изабелла”, “Филида” және “Александра” — Луперсьо Леонардо де Архенсола (1562 -1613) жазған трагедиялар. “Филида” трагедиясы бізге жеткен жоқ, ал қалған екеуіне келсек, бұлар, каноник айтқандай көркем дүниелер емес.

“Жазаланған қайырымсыздық”, “Нумансия”, “Саудагер махаббаты”, “Көргенді күндес” — алғашқысы Лопе де Вега қаламынан шыққан; үшіншісін валенсиялық ақын әрі драматург Гаспар де Агиляр жазған, ортақол ғана пьеса, төртіншісін — валенсиялық драматург Франсиско Таррега (1554 - 1602) жазған, бұл да көркемдік жағынан әлсіз дүние. Сервантестің “Нумансиясы”, шамасы, ХҮІ ғ. 80-ші жылдарында жазылса керек. Бұл туындысын ол 1615 ж. жарық көрген драмалық шығармалар жинағына енгізген жоқ; осы трагедиясы да, сондай-ақ “Алжирлік салт-дәстүр” аталатын драмалық суреттемелері де ХҮІІІ ғ. ғана табылды, сөйтіп алғаш рет жарыққа 1784 ж. шықты. Екі шығарма да Сервантес шығармашылығының алғашқы кезеңіне жатады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий