Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

ХХХҮІІІ т а р а у

Кавальер — қамалдың негізгі дуалындағы еңселі құрылыс.

ХХХІХ т а р а у

...одан Миланға барып... — Ол кезде Миландағы қару-жарақ зауытының даңқы гүрлеп тұрған болатын.

Алессандра делла Палла — Милан герцогтығындағы Танаро өзенінің жағасына орналасқан, қалың қабырғалармен қоршалған қамал.

...герцог Альбаның Фландрияға аттанбақшы боп жатқанын... — Нидерландыны қанға бөктіріп жуасытқан Фернандо Альварес Толедский, немесе герцог Альба, ол жаққа Италияда орналасқан испан отрядтарынан іріктелген қосынды бастап 1567 жылдың күзінде аттанды.

Эгмонт пен Горн есімді графтар — испан үстемдігіне наразы нидерланд ақсүйектерінің жетекшілері; 1568 жылғы 5 маусымда екеуі де өлім жазасына кесілді.

Дьего де Урбина — Сервантес қатысқан, Лепанто маңайында болған шайқастағы әскер басы.

Венециямен және Испаниямен одақ — папа Ү-ші Пий бастамасымен құрылған лига. 1571 жылы түріктер сол кезде Венецияға бағынышты Кипр аралын басып алуы салдарынан Венеция мен Испанияның Жерорта теңізіндегі иеліктеріне қауіп күшейе бастауына байланысты лига түріктермен күреске арналған біріккен флот ұйымдастырды. Флотты басқаруға Ү-ші Карлдың заңсыз некеден туған ұлы дон Хуан Австрийский (1547 - 1578) бекітілді.

1571 жылғы 7 қазанда түрік флоты мен біріккен испандық-венециялық флот Грекия жағалауындағы Лепанто шығанағында тоқайласты, сол жерде түрік флотына күйрете соққы берілді.

Улудж-Али (1508 - 1580 ж. жуық) — шыққан тегі калабриялық, түріктерде қызмет атқарды. 1565 ж. Мальта іргесіндегі жеңісі үшін Триполитания патшалығына ие болды; бұл аралды түрік флотилиясынан қорғауды Ү Карл Мальта орденіне жүктеген болатын. Лепантодағы шайқасқа қатысты, сондай-ақ 1574 ж. Тунисті қайта жаулап алу кезінде түрік флотының қимыл-әрекетіне басшылық жасады.

Мальта ордені — иоанниттердің, немесе госпитальерлердің әскери-діни ордені; крест жорықтары кезінде пайда болды. 1530 ж. испан королі Ү Карл осы орденнің иелігіне Мальта аралын берді. Аралды Жерорта теңізіндегі стратегиялық тірек пунктіне айналдыру мақсатын көздеген түрік флотымен орденнің тұрақты күрес жүргізуіне тура келді. 1565 ж. арал Драгут басқарған, ол қайтыс болғаннан кейін Мұстафа-паша басқарған түрік флотының қоршауына түсті, бірақ абыройын сақтап, ақыры берілмеді.

Джованни Андреа — Лепанто шайқасында біріккен эскадраның оң қанатын басқарған генуялық әскер басы.

...бұл біздің адмиралдың кінәсінен немесе немкеттілігінен емес-ті... — яғни, Хуан Австрийскийдің.

Жирен Сақал дейтін қарақшы — түрік қарақшысы, түрік флотының адмиралы. Оның баласы Гасан-паша Алжирді билеп тұрды. Бұл арада сөз Гасан-паша жөнінде емес, Жирен Сақалдың немересі Магомет-бей жөнінде болып отыр, тұтқын тілге тиек еткен кеменің капитаны да сол еді. Магомет-бейдің шектен тыс қатыгездігімен аты шыққан болатын.

Мулей — “мырзам”, “ұстазым” деген мағына беретін араб сөзі. Бұл атақ араб халифтары мен патшаларына берілетін.

Голета — Тунис айлағына кіре берісті қорғап тұрған форт. 1535 ж. оны испандар жаулап алғаннан кейін онда испан гарнизоны қалдырылған. 1573 ж. Венеция Түркиямен бейбіт бітімге келген соң король ІІ Филип қамал қорғанысын нығайту жұмысын басқару үшін Дон Хуан Австрийскийді Голетаға жіберген. Бірақ, 1574 ж. түрік флотының шабуылы ІІ Филиптің жоспарын іске асырмай тастады.

Габриеле Червеллон — миландық дворян, Тунистегі қала әкімі, Голета мен Тунисті жаулап алғаннан кейін түріктер оны тұтқынға алды. Тұтқыннан босағаннан кейін Голландиядағы испан әскерінде қызмет етті. 1580 ж. Миланда қайтыс болды.

Пагано Дориа — Андреа Дорианың ағасы, Лепантодағы шайқасқа қатысты, Голетаны қорғау кезінде қаза тапты. Оның өз інісіне жасаған “өлшеусіз жақсылығы” — бар байлығын інісіне тарту еткендігі болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий