Knigionlineru.com » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алып негр енді қоңыздар арасында болды, олардың ішінде ызылдауық қоңыз, шелкундар, мүйізді қоңыздар, ұзынтұмсық қоңыздар, шұбар қоңыздар, қабық кемірушілер, дән жеушілер, тағы басқалар бар. Геркулес Бенедикт ағайдың коллекциясын аударыстырып көре берді; Бенедикт ағай өзінің кеудіреп тұрған құрт-құмырсқаларын Геркулестің жұп-жуан қышқаштай қатты қолдарымен дөрекі ұстағанын көргенде, қиратады деп қорқып, зәресі қалмады. Бірақ есейіп қалған оқушы лекцияны аса зейін қоя тыңдайтын-ды. Сондықтан да профессор өз байлығын алыптың қолына беруге тәуекел етті.

Бенедикт ағай Геркулеске сабақ беріп жүрген кезде, миссис Уэлдон да кішкентай Джекке жазу жаздырып, хат танытты, ал Дик Сэнд оған есеп бастамасын үйретті.

Үйретілген сабақ қызғылықты ойын сияқты болғандықтан, бес жacap сәби оқуды оңай меңгеріп кетті. Миссис Уэлдон, кішкентай Джекке оқу үйреткенде, әліппе қолданбай, қызыл бояумен үлкен етіп әріптің таңбасы салынған ағаш ойыншық қолданды. Кейде ол әріптерден бірер сөз құрастыратын да, араластырып жіберіп, әлгі сөзді қайтадан құрастыртатын-ды.

Бұл ойын балаға аса ұнады. Ол біресе әріптерден сөз құрап, біресе барлық әріптерді араластырып жіберіп, әлгі сөзді қайтадан құрап, каютада немесе палубада күн сайын ұзақ уақыт әуреленетін болды.

Бұл ойын дәріптеп айтуға тұрарлық, сондай ғажап, ойда жоқ бір оқиғаның пайда болуына себепші болған еді.

Бұл уақиға тоғызыншы февраль күні ертеңгісін болды.

Джек текшеден бірер сөз құрастырып палубада отыр, сөз құрастырылған текшені Джек араластырып жіберген соң, Том қарт әлгі сөзді жаңадан өзі құрауға тиіс. Ол Джектің нендей сөз құрастырғанын көрмеу үшін, көзін қолымен басып, ойын тәртібін сақтап, бір шетте отыр.

Онда бас әріптер мен жол әріптерден басқа, цифрлар жазылған текшелер де бар-ды. Сөйтіп бұл ойын оқып үйрену үшін ғана емес, есеп үйрену құралы да болды.

Джек текшелерді қатарынан тізіп қойды да, қабағын түйе түсіп, ішінен өзіне керекті әріпті алды. Ауыр жұмысқа баланың беріліп кеткендігі сонша, тіптен өзінің қасында жүрген Дингоны да байқаған жоқ.

Ит ойда-жоқта бір әріпке көзін қадап, тұрған орнында сіресті де қалды. Оң жақ алдыңғы аяғын көтеріп, құйрығын бұлаңдатты. Сосын текшені тістеп алып, бірнеше қадам арырақ апарып палубаға қойды.

Бұл текшеде «С» әрпі жазылған еді.

— Бер, Динго! — деп айқайлады Джек, текшені Динго жеп қоятындай көріп.

Динго қайтып келді де, тағы бір әріпті тістеп алып ана әріптің қатарына апарып қойды.

Екінші текшеде «В» әрпі бар-ды.

Джек айқайлап жіберді.

Оның айқайына палубада жүрген миссис Уэлдон, капитан Гуль және Дик Сэнд — бәрі жүгіріп келді.

Джек оларға иттің таңғажайып қылығын баяндады.

Динго әріп таниды екен! Мұны кішкентай Джек өз көзімен көрген.

Дик Сэнд текшені Джекке әкеліп бергелі итке барып еді, Динго оны ырылдап қарсы алды.

Сонда да болса жасөспірім текшені иттің алдынан алып, қалбырдағы текшелерге әкеліп қосты. Динго жүгіріп келіп, әлгі екі әріпті қалбырдан қайта аралап тауып алды да, бір шетке апарып қойды. Әріптің үстіне аяғын салып, ешкімге бермеймін деген сияқты кейіп көрсетіп, тұрған адамдарға алара қарады. Әліппенің басқа әріптеріне қараған да жоқ, оған бөтен әріптер мүлдем керексіз сияқты.

— Нендей ғажап! — деп дауыстады миссис Уэлдон.

— Шынында да өте ғажап,— деді капитан, текшеге тесіле қарап.

— С, В,— деп оқыды миссис Уэлдон.

— С, В,— деп капитан Гуль де қайталады.— Дингоның қарғы бауындағы әріптер де осы!

Сосын ол қарт негрге кенет бұрылып:

— Сіз бұл итті «Вальдек» капитаны жуырда асырап алды дедіңіз білем? — деп сұрады.

— Ие, Дингоның «Вальдекке» келгеніне небәрі екі-ақ жыл шамасы ғана.

«Вальдектің» капитаны бұл итті Африканың батыс жағалауынан тауып алып па еді?

— Ие, Конго жағасынан тапқан. Бұл туралы «Вальдек» капитанының бір емес, әлденеше рет айтқанын естігенім бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий