Knigionlineru.com » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ие, осындай жақсы итті жек көруге бола ма! —деді кішкентай Джек, екі қолымен Дингоның басын құшақтап.

— Ие... бәлки...— деп міңгірледі Бенедикт ағай.— Бірақ бұл жексұрын менің сенімімді ақтамады, алдап кетті.

— Бенедикт мырза, мұныңыз қалай! — деп миссис Уэлдон шаңқ етті.— Сіз шынымен-ақ Дингоны да қос қанаттылар немесе қабыршақ қанаттылар тобына жатқызғыңыз келе ме?

— Жоқ, — деп шындап жауап қатты ғалым.— Динго австралиялық иттердің тұқымынан болғанымен, ол батыс африкалық жағалаудан табылған!

— Әбден дұрыс,— миссис Уэлдон оның сөзін мақұлдады.— Том мұны «Вальдекте» болған уақытында естіген.

— Сондықтан... мен... мен бұл хайуанның үстінде батыс африкалық жануарлар дүниесіне тән бірер жәндік болар деп түсінген едім...

— О, тоба! — деді миссис Уэлдон.

— Оның үстінен, оңдырмай шағатын бірер бүрге табылып қалуы да ықтимал.

— Динго, естимісің? — деді капитан Гуль.— Естимісің? Сен борышыңды өтемепсің ғой.

— Бірақ мен оның жүнін тарап босқа әуре болдым,— деді энтомолог, өзінің ренжіп қалғанын жасырмай.— Оның үстінен ең болмаса жалғыз бүрге де табылмады.

— Егер оның үстінен бүрге табыла қалса, сіз оны өлтірер ме едіңіз? — деп сұрады капитан.

— Сударь,— деп Бенедикт ағай салқын жауап қатты,— сэр Джон Франклин29 ешқашан да жәндікті бекерден-бекерге өлтіре бермеген, мұны біліп қою сізге артық болмас деймін, ол кісі тіптен бүргенің шаққанынан анағұрлым улы американ масаларын да өлтірген емес. Сэр Джон Франклиннің теңіз ісінде аз да болса еңбегі бар екендігіне таласпассыз деймін?

— Дұрыс! — деп капитан Гуль басын изеді.

— Бір кезде оны көкшыбын — москит шағыпты. Бірақ Франклин оны үркітіп жіберіп былай депті: «Жөніңе кетсейші. Дүние кең, екеумізге де еркін жетеді ғой!»

— Aha! — деді капитан Гуль көп мағыналы үнмен.

— Ие, сударь!

- Бенедикт мырза, бұл сөзді Франклиннен көп бұрын басқа біреудің айтқанын білесіз бе?

- Басқа біреу?!

- Ие, оны Тоби ағай айтқан екен.

- Ол энтомолог болған ба? — деп сұрады жалма-жан Бенедикт ағай.

- О, жоқ, Стерннің Тоби ағайы30 энтомолог болмаса да, мұрнының астына келіп ызыңдаған шыбынға: «Әрі кет, оңбаған сорлы! Мен саған зиян келтіріп қайтем? Дүние кең, қысылып, қымтырылмай-ақ екеуміз де еркін сиямыз» деген сөзді мейірбандық етіп айта алған.

- Бұл Тоби ағай дегеніңіз жігіт екен! — деп айқайлады Бенедикт ағай.— Ол кісі өлген бе?

- Өлген болар деймін,— деп жайбарақат жауап қатты Капитан Гуль,— өйткені Тоби ағайдың өзі дүниеде болған емес.

Жұрттың бәрі Бенедикт ағайға қарап күліп жіберді.

Бұл сияқты достық әңгіме-әзіл, ұзаққа созылған жолдың қысқаруына себепші болды. Бенедикт ағай қатысқан жердегі әңгіме энтомология ғылымының маңында болатындығы өзінен өзі түсінікті.

Теңіз беті толқынсыз үнемі тынық болды, бірақ баяу ескен жел, кеме желкенін әлсіз керіп, «Пилигримнің» шығысқа қарай жүзуі мандымады. Капитан Гуль кеменің жел жақсы соғатын аймаққа енуін асыға күтті.

Бенедикт ағай энтомологияның жасырын сырын Дикке түсіндірмек болып әрекеттенгенін айта кетуіміз керек. Бірақ жасөспірім оның бұл құрметіне көңіл бөліңкіремей, жалтара берді, сондықтан ғалым лекцияны негрлерге оқи бастады. Ақырында шыбын-шіркей туралы әңгімеден олар да тойып, қашқалақтай берді. Бенедикт ағай палубада көрінсе-ақ болды, негрлер команда бөлмесіне кіріп тығылатын болды. Құрметті энтомолог енді лекцияны бір ғана тыңдаушыға — тек Геркулеске ғана оқып қанағат етуіне тура келді; ол Геркулестің бит-бүргеден жарғаққанаттыларды ажырата аларлықтай қабілеті барлығын білген еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий