Knigionlineru.com » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егер корольдің өлімі құл саудагеріне аударылса, Альвец бейшараның халі нашарға айналар еді. Бұл бәледен көп шығынсыз құтыла алмайтыны айдан анық. Бірақ Негороға бір тамаша ой сап ете қалды. Сөйтіп, португалдың мәслихатымен халық арасына мынадай лақап таратылды: Казонде королінің әдеттен тыс жағдайда қаза болуы — Ұлы Маниттің ерекше рақымы деп ұғыну керек, жаббар иенің мұндай өлімді сирек пендесіне ғана береді.

Не болса соған илана беретін надан халықтар мына жасанды қол дұзаққа іліне кетеді. Король мен министрдің денесін жалмаған қасиетті от деп жарияланды. Ендігі қалғаны дәрежесін құдай көтерген адамдарға лайықты құрмет көрсетіп жерлеу ғана.

Жерлеу мәселесіне, анығырақ айтқанда айырықша салтанатпен жерлеу мәселесіне байланысты, Негороның Дикпен есеп айырысуына мүмкіндік болды.

Егер Орталық Африканы зерттеген бірнеше ғалымдардың, соның ішінде Камеронның өз көзімен көріп жазып қалдырған хаты болмаса, Муани-Лунга сияқты негр патшасын жерлеу кезінде қаншама қан төгілгеніне ешкім сенбес еді.

Корольдік таққа корольдің бәйбішесі Муана ханым мұрагер болуға тиіс. Муана ханым корольдік правоны қолына түсіруге асықты. Өлген корольді кешіктірмей жерлеу мәселесіне әзірлік жасауға әмір беріп те қойды. Осы әмірімен өзінің жоғары дәрежелі правосын жариялап, басқа да дәмеленушілердің де, әсіресе Оукус корольдің алдын орап үлгірді. Муана мемлекет басқарушысы болып алды да, өлген корольдің басқа әйелдерінің өзіне деген күндестік әрекетінен құтылды. Корольдің бәйбішесі еді ғой Муана ханым, басқаларынан жасы да үлкен, енді өзіне талай рет жәбір көрсеткен кіші күндестерінен де құтылатын болды. Сондықтан өлген корольдің денесін жерлеуге тиісті ғұрыптардың бәрі сақталады, өлік келесі күні кешкісін жерленеді деп жар шақыртты.

Жаңа болған ханым патшаның әміріне сарай адамдары болсын, бұқарасы болсын, ешқандай наразылық білдірмеді, Муана ханымның таққа отырып патша болуына Альвец тағы басқа құл саудагерлері де қуанбаса ренжіген жоқ. Олар жаңа королеваға сыйлықтар беріп, жағымпаздануларының арқасында оны оп-оңай өз ықпалдарына көндіріп алатындарына шектенбеді.

Сөйтіп, өлген корольдің тақ мирасы әп-сәтте бейбіт шешілді. Тек король марқұмның әйелдері ғана қатты қайғыда қалды. Әрине, мұның себебі де бар-ды.

Өлікті жерлеу дайындығы сол күннен-ақ басталды. Куанго өзенінің суы мол, ағысы қатты бір тарауы Казонденің үлкен көшелерінің бас жағынан ағып өтетін-ді. Жаңа королева қабірді осы өзеннің табанынан қазуға әмір берді. Мұның үшін өзен ағысын уақытша бұра тұру керек қой. Жергілікті халықтар өзенге бөгет соғып ағысқа тосқауыл жасай бастады. Жерлеу салтанаты аяқталысымен бөгетті бұзып суды ескі арнасына түсіруі керек.

Негоро король қабірінің басына әкеліп шалатын құрбандықтардың қатарына Дикті де қосуға ұйғарды. Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті өлді деп естігенде Диктің қандайлық күйінгенін Негоро өз көзімен көрген. Егер Дик бостандықта болса, су жүрек Негоро оның қасына баруға да қорқар еді. Бірақ қазір Диктің қол-аяғы бұғауда болғандықтан португал оны дәрменсіз көрді де, қастасымен жүздесуге ұйғарды.

Бұл оңбаған құрбандығына қорлық көрсетіп, әбден жәбірлемесе көңілі көншімейтін барып тұрған қаныпезердің өзі еді. Құрбан болатын адам азап шексе, оның қиналғанын көріп жаны сүйінетін ол ғалымның.

Негоро бір күні хавильдар күзетіп тұрған сарайға келді, онда Дик Сэнд қол-аяғы байлаулы, сыз жерде қамауда жатқан. Кейінгі күндері оған мүлдем нәр татырмай қойып еді. Басқа түскен ауыр қайғы, байлаулы арқанның денені қиған азабынан әбден әлсіреген Дик, бұл қасіреттен тек өлім ғана құтқарар деп ойлаған-ды.

Бірақ ол Негороны көрген бойда бірден сергіп кетті. Бұлқынып бұғауды үзіп опасыз сұмды бассалып өлтіргісі де келді. Бірақ қаншама бұлқынғанымен Дик түгіл Геркулес сияқты алып та үзе алмастай, арқан тым жуан еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий