Knigionlineru.com » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біраздан соң зуыл күшейе түсті. Қағылған қанаттарға жаңа қанаттардың сусылы қосылған тәрізденді. Бағанағы ілінген заттың желді күнгі желпілдегені тәрізденіп жәшігім біресе олай, біресе былай теңселе берді. Мені көтеріп бара жатқан бүркітке бірнеше тепкі тигендей болды. Осы минөтте жәшігім кенет төмен түсіп кетті. Әлім құрып, жүрегім аузыма тығылды. Сол арада қорап бір затқа көміліп кеткенде, сарылдаған дауыс Ниагара су құламасынан анағұрлым күштірек естілді. Жәшік бір сағат шамасы қараңғыда болып біршама уақыттан соң жоғары көтерілді. Терезенің үстіңгі жағынан жылтыраған жарық көрінді де, теңізге құлағаным енді мәлім болды. Өзімнің салмағым, жәшіктегі заттардың салмағы және оның түбіндегі жалпақ темірдің салмағы қорапты бес фут тереңдікке суға батырыпты. Өзімнің шамалауымша, көтеріп ұшқан бүркітке екі-үш бүркіт кездескен тәрізді. Олар оның олжасын тартып алмақ болып шабуыл жасайды. Менің бүркітім жүгімен шайқасуға шамасы келмей жәшікті тастап жіберсе керек. Расында да, уақиғаның шындығы осылай болып шықты. Жәшік жоғарыдан төмен түскенде, түбіндегі жалпақ темірдің салмағы қисайтпай түбінен түсіріпті және жәшіктің қирамауына себеп болыпты. Тақталары тығыз қиюластырылған болатын. Есік топсалы емес, ысырылмалы етіп жасалған. Қысқасын айтқанда, бөлменің саңлау-тесігі жоқтың қасында еді. Соның арқасында бөлме ішіне болмашы ғана су кірді. Іштегі ауа жетіспей, тұншығайын дедім. Төсектен түсіп, төбедегі тесіктің қақпағын ысыра бастадым.

Жәшіктің жарығынан болмашы ғана су кіре бастаған еді, кендірмен тығындап тастадым. Жәшіктің үстіне шықсам, түрме сияқты қамауда отырып арманда өлмей, бірнеше сағат өмір сүрер едім. Бірақ оның қақпағын көтеруге шамам келмейтін болды. Төніп тұрған қауіптен бір-екі күн құтылғаныммен, одан ары суыққа тоңып, аштан өлуден басқа не күтуге болады. Минөт сайын ажал күтіп осы жағдайда төрт сағат шамасы уақыт өткіздім.

Жәшіктің ішінде үмітсіз жағдайда отырғанымда, оның бітеу жағын әлдекім тырналай бастады. Көп кешікпей жәшігім жылжи бастаған тәрізді немесе біреу сүйреп бара жатқан сияқты болды. Өйткені оны мезгіл-мезгіл жұлқып қойғанын сездім. Соның нәтижесінде жоғары көтерілген толқын терезені басып, ішін қараңғылап жіберді. Құтқарушы жәрдемнің қайдан келерін білмесем де, мына жағдай менің үмітімнің өшкен сәулесін қайтадан тұтандырды. Еденге бекітілген орындықтың біреуін босатып алып, төбедегі тесіктің дәл астына қайтадан орнаттым. Орындыққа шығып, бойымның жеткенінше аузымды тесікке тақап, өзім білетін тілдерде жәрдем шақырып, бар дауысыммен айқайлай бердім. Содан соң таяққа бет орамалымды байладым да, тесіктен шығарып бұлғай бастадым. Ондағы мақсатым, жақын маңайда кеме немесе қайық болса, осы жәшікте қамалған бақытсыз адам бар екенін аңғаруды теңізшілерге білдіру еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий