Knigionlineru.com » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұдайы бірнеше апта күн сайын үздіксіз концерт өткізумен болдық, бұл әурешілік денсаулығымды нашарлатып, әбден жүдетіп жіберді. Тамаққа тәбетім шаппай, бірнеше күннің ішінде саудырап құр сүйегім қалды. Менің бұл халге ұшырағанымды сезген фермер, көп ұзамай-ақ мені өледі деп ойлады. Оның ендігі қолданатын шарасы, менің қалған күшімді сығып алып, мүмкіндігі болған жерде менен құтыла салу еді. Ол осы тоқтамға бел байлады. Дәл осы кез де мені сарайға әкеліп ханым мен сарай әйелдеріне тамаша көрсетсін деген бұйрық алып, корольдік слардрал, былайша айтқанда, корольдік адъютант келді. Ондағы әйелдердің бірсыпырасы мені көріп те еді. Олар менің әдемілігім мен жасаған машықтарым және аса ақылдылығым туралы сиымсыз лақаптар таратып та үлгірген болатын. Ханымның өзі де және оның нөкерлері де менің істеген істерімді көріп мәз-мейрам болды. Мен тізерлеп отырып, ханымның аяғын сүюіме рұқсат етуін өтіндім. Бірақ ол мені столға қойып, шынашағын созды, мен оны екі қолыммен құшақтап тұрып аса сыпайылықпен ернімді тигіздім. Ол менің отаным туралы және саяхатым туралы бірсыпыра сұраулар берді. Мен оған қысқа, әрі түсінікті етіп жауап қайырдым. Одан соң, егер де алып қалсақ, сарайда тұруға риза болар ма едің деді ханым. Мен ханымға тәжім етіп, қарапайым ғана жауап қайырдым. Егер де өз тағдырымды өзім шешерлік, ерікті адам болсам, сіздей ұлы мәртебелі ханымның қызметін өмір бойы зор қуанышта атқарар едім, бірақ мен қожайынның меншікті құлымын ғой дедім. "Толық баға төлесем сатар ма едің", — деді ол, қожайыныма қарап. Мені бір айдан артық өмір сүрмейді деп қорыққан еді қожайыным, ханымның ұсынысын естігенде, жоғалғаны табылғандай қатты қуанды. Ол менің құныма бір мың алтын сұрады. Алтын табанда саналып фермердің қалтасына түсті.

Одан соң ханымға мынадай тілек қойдым: енді мен сіздің шын тәуелдіңіз болдым. Сондықтан да сізден ерекше шапағат күтуге батылым бара алады. Глюмдальклич көп еңбек сіңіріп, маған жақсылық еткен еді. Оны қызметіңізге алсаңыз, ол бұрынғысынша әрі асыраушым, әрі үйретушім болып қала берер еді, дедім. Ханым менің ұсынысымды орынды деп тапты. Қызын сарай қызметінде қалдыруға фермер де қуана-қуана риза болды.

Ханым мені алақанына қондырып, кабинетінде отырған корольге апарып көрсетті. Патша қатыгез, маңызды адам екен. Маған көз тоқтатып қарамастан, сен қашаннан бері бармақтай жанға құмар едің деді ол салқын пішінмен ханымға қарап. Король мені біртүрлі айуан деп білсе керек. Олай дейтінім, мен ханымның оң қолының алақанында етпетімнен түсіп

жатыр едім. Ханым аса ақылды, ашық мінезді ерекше әйел еді. Ол мені корольдің жазу столы үстіне ақырын ғана қойды да, басыңнан кешірген уақиғаларыңды ұлы мәртебелі тақсырға айтып бер, деді. Көрген-білгенімді қысқаша ғана айтып өттім. Сол уақытта Глюмдальклич кабинеттің босағасында тұр еді (ол мені бір минут та көзінен таса қылмайтын), рұқсат алып кабинетке кіріп, әкесінің үйіне мен келгелі болған уақиғаны және өзінің көрген-білгенін баяндап, менің сөзімді қостады. Король ханымның мені қамқорлығына алуына тілектес екенін білдірді. Сонымен қатар, Глюмдалькличпен екеуіміздің бір-бірімізге үйір екенімізді сезіп, қызды менің жанымда қалдыруға рұқсат етті.

Маған ханымның ықыласы ауғаны сонша, ол тіпті менсіз тамақ ішпейтін болды. Ол өзі отырған столдың үстіне, оң жағына менің столым мен тақ тұғырымды қоятын. Глюмдальклич менің жанымда орындыққа шығып тұрып, мені бақылап, ыдыстарымды жиыстыратын болды.

Сәрсенбі сайын (олардың мейрам күні сәрсенбі болатынын жоғарыда айтып өттім) корольдің өз жанұясы және көрнекті төрелерімен бірге отырып тамақтанатын әдеті бар-ды. Ол күндерде менің столым мен тақ тұғырым стол үстіне, корольдің сол жағына қойылатын еді. Король менімен сүйсіне әңгімелесіп, еуропалықтардың ғұрпы мен діні жайлы, заңдары мен мемлекет басқаруы және ғылымы жайлы сұраулар қоятын, мен оған толық түсінік беретінмін. Король мәселені жете тексеретін пайымды адам еді, ол менің айтқан әңгімеме данышпандық қорытынды жасады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий