Knigionlineru.com » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жоқ, мен бұған төзе алмаймын – Баймырзаны шек­сіз басындырып қоя алмаймын. Шешем мені туғанда да қалжа жеген. Мені де ұл деп тапқан. Баймырзадан қалай да өш алуым керек.

Басқаларды қайдам, ал менің қайда жүрсем аңдысқан бір жауым болады. Қостөбедегі жауым Жанбосын еді. Мұнда келіп, Баймырзаны таптым.

Баймырзадан қалай да өш алуым керек. Қалай алам?

Баймырза жалғыз жүрмейді, ылғи да сойыл соғар нөкер жиып жүреді. Ендеше маған да нөкер керек.

Бір нөкерім дайын, ол – Рамазан. Тек аздап жү­рексіздеу.

Тағы бір нөкер таптым, ол – Іргебай.

Іргебайдың үйі бізбен көрші. Әкесі Жаппар қарт адам аң аулап күнелтеді. Шешесі менің шешем тәрізді о дүниеге сапар шегіп кеткен. Екі әпкесі бар Ірге­бай­дың. Үлкен әпкесі бойжеткен, сойталдай қыз. Осы үйді үй етіп отырған сол. Кішісі мен құралыптас.

Іргеш бізден кіші – екінші оқиды, Біздің көшеде Іргебайдан қу, Іргебайдан шақар бала жоқ. Жаныңа кел­се, денесіндегі мың бір құрты жыбырлап, тиіскісі кеп, құтырынып тұрады. Тиіспей қоймайды, тілімен бол­са да шағып алады. Бүкіл Сүмбеде боқтасуға Ірге­байдан шебер бала жоқ.

Аңшылықтан өзге кәсібі жоқ Жаппардың хал тұрмыстары нашар-ақ. Екі бөлме үйдің ауыз бөлмесін жауып алуға күштері келмейді. Қар жауса, жауын жау­са,­ ауыз үй толарсақтан саз болып жатады. Сонда өздері төргі бір ғана бөлмеде тұрады. Тамақты сонда ішеді, отын-су да сонда сақталады. Жалғыз сиырдың бұзауы сонда байланады.

Әрі үй, әрі қора.

Есікті ашып кеп қалғанымызда, жаман бір иіс кеу­деңізден соғып кіргізбейді.

Іргебай, міне, осы үйдің тұрғыны. Таңертең тұрған соң Іргебай жуына ма, жуынбай ма, білмеймін. Ал бірақ оның қолы мен мойнына, құлағының ішіне жер жоқта,­ картоп ексе болар еді...

Іргештің денесінде қысы-жазы, негізінен, екі-ақ киім болады: қап жейде, тақыр тері шалбар. Екі аяғы алты ай жаз жалаң аяқ. Алдына жан салмай, зымырап жүгіргенде, тақыр шалбар қаудыр-қаудыр етіп, маңайда жайылып жүрген малды үркітеді.

Іргебай ойын іздеп (әрі шатақ іздеп), Рамазан екеу­мізге келуші еді. Бірінші боп өзі тиіседі, үлкен екен деп, бізден жасқануды білмейді. Біз екеулеп Іргебайды жы­ғып саламыз да, аямай мытып-мытып аламыз. «Ағатай, ағатай! Енді өйтпейін де, бүйтпейін», – деп, ол астымызда жатып, ант-су ішіп, жалынады.

Босатсаң, періп ұрып жөнеледі. Және жай қашпай, жер-жебіріңе жетіп, боқтап бара жатады. Әкеңнің аузы... кем иек! Кемтар иек! Кесіліп қалған сор иек деп, неше саққа жүгіртіп, шұбыртып боқтағанда, шыдап тұру еш мүмкін емес.

Тұра кеп қашқан Іргебайды біз тұра кеп қуамыз. Аяғы аяғына жұғыспай, бұлдыраңдап жүгіргенде, тері шалбар мықынына түсіп кетеді. Ол оны ышқырынан екі қолдап шеңгелдеп ұстап алады. Жетсең, түлкіше бұлт-бұлт етіп, оңайлықпен ұстатпай ыза қылады. Әб­ден құтылмасын білгенде ғана күн ілгері ойбайлап, лақтырған тымақтай боп, домалап жата кетеді.

Көлденең қараған адам төрт мүшесінің біреуі қирап жатыр екен дегендей. Ойбайлаған даусы «құдайға» жетеді.

Іргебайды тағы да мытып-мытып аламыз, ол ағатайлап тағы жалынады. Енді одан мүсәпір, одан көнбіс жан жоқ. Айт дегеніңнің бәрін қайталап айтады.

– Ағатай де!

– Ағатай!

– Көкетай де!

– Көкетай!

– Енді тиіссем, ит, шошқа болайын де!

– Енді тиіссем, ит, шошқа болайын! Доңыз бола­йын! Хайуанның ішінде ең жаман тағы не бар? Соның нақ өзі болайын! – деп Іргебай артығымен қайталайды.­

Іргебайдың бойындағы бір қасиет одан таяқ өтпей­ді. Бүкіл денесі ет пен сүйектен емес, темір пружинадан­ жасалғандай. Ұрып жатсаң, біресе ойбайлайды да, біре­се сақ-сақ күледі. Мазағы, жалынғаны бәрі бірдей. Шым­байына батырып, мейлінше қатты ұрайын десең өзіңнің қолың ауырады.

Араз кезімізде біз оны «апар-жаппар...» деп, келеке­ етеміз, ісіміз түссе, Іргеш деп, еркелете қаламыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий