Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев
-
Название:Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:107
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».
Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги
Құтырам деп таяқ жеп қалған иттей болдым. Балалардың алдында кірерге жер таппадым. Ызадан жарыла жаздап біраз тұрдым да, бақырып жылап жібердім, Класқа кіріп, кітабымды алдым да, Жұмабайды жеті атасынан тартып боқтап, енді оқымаймын деп, жөнеп отырдым.
Оқымау қайда, ертесінде-ақ Сатылған ағайым қолымнан жетектеп әкеп, Жұмабаймен табыстырғандай болды. Бірақ шекіскен көңілден сыз кетсін бе? Жұмабай осыдан осылай менімен жауығып алды да, болар-болмас бірдеңе істеп қойсам, мысық көрген итше ыр-р ете қалатынды шығарды.
Көркем әдебиетке, әсіресе өлеңге жасымнан құмар болдым. Құлағыма өлең-жыр тыңдағанда ішкен асымды жерге қоятын едім. Хат тани бастаған соң газет-журнал бетінен өлең көрсем, төніп түсемін. Оқу кітабындағы өлеңдердін бәрін дерлік жаттап алғанмын. Өлеңді ақындар шығаратынын білем. Ақын-жазушы дегенді құдай көрем.
Екінші кластың оқу кітабында Абайдың «Қыс» дейтін өлеңі бар-тын. Бір күні Жұмабай маған сол өлеңді оқы деді. Мен заулатып оқып шықтым.
– Ал айтшы, Абай осы өлеңінде нені жазып отыр? – деді Жұмабай.
– Қысты жазып отыр.
– Жоқ, дұрыс емес, – деді.
Мен таңмын. Несі дұрыс емес? Қыс жөніндегі өлең екені тақырыбынан да, мазмұнынан да ап-айқын көрініп тұрған жоқ па?
– Қане, кім айтады? Абай осы өлеңінде нені жазып отыр? – деп, Жұмабай енді өзге балалардан сұрай бастады. Олар да: қысты жазып отыр, қарды жазып отыр, суықты жазып отыр деген секілді жауаптар айтты.
– Дұрыс емес.
Жұмабай енді өзі түсіндіре бастады.
– Өлеңді сендер құр өлең деп қарайсыңдар. Ол дұрыс емес. Өлеңде мән болады, идея деген болады. Идея деп өлеңнің жасырынып жатқан мазмұнын айтады. Ақындар өлеңді еріккендіктен жазбайды. Өзінің жасырын ойын, яғни идеясын жұртқа жеткізу үшін жазады. Мінекей, оқып көрейік.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
– Сендер бұны қысты жазып отыр дейсіңдер. Жоқ, қыс емес. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау» дегені ол бұрынғы ел қанаушы буржуй мен байлар. Соларды жазып отыр. «Үсті-басы ақ қырау, түсі суық!» Байдың түсі суық бомағанда, жылы болатын ба еді? «Басқан жері сықырлап келіп қалды». Ақын мұнда байдың жүріс-тұрысын жазып отыр. Және кедейлерге бай келіп қалды, қазір сендерді сабайды деп, ескертіп отыр...
Жұмабайдың Абай өлеңін талдап, түсіндіруі, міне, осындай еді. Мен аузымды ашып, ғажап қалып тыңдадым. Мұғалімнің сөзін біз құран сөзіндей көреміз, оған қалтқысыз сенеміз. Олай болса, өлең жөнінде мен бұған дейін түк білмейді екем. Мынау мен үшін жаңадан ашылған Америкадай болды. Иә, мен өлеңге шынында да, тек өлең деп, құлаққа жағымды әдемі сөз тіркесі деп қараушы едім. Өлеңдегі сөздердің ұйқасуына, көзге елестей кететін суреттілігіне қызығатын едім. Тілге жеңіл болған соң жаттап алып, айтып жүруші едім. Сөйтсем... өлең ол жай өлең ғана емес екен. Жатқан саясат екен. Осы күні жұрт ертеден кешке дейін сөз етегін тап тартысы дейтін мұнда да болады екен.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Жұмабай бұны байдың долданып келіп, кедейдің үйін сойылдап сабауы деп түсіндіреді. Менің көзіме уықтар бытыр-бытыр сынып, қатын-бала шұрқырап жылағандай боп елестейді.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды.
– Абай мұнда қайрат қыл, бұз қамалды деп нені айтып отыр, білесіңдер ме? – дейді Жұмабай, Жауабын өзі айта бастайды: – Езілген еңбекші халықты байларға қарсы күресуге, төңкеріске шақырып отыр. Теңдікті қолдарыңа алыңдар деп отыр. Мінекей, бұл өлеңде қаншама жасырын мағына жатыр. Көрдіңдер ғой?
– Көрдік, – дейміз біз.
– Сұрақтарың бар ма?