Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев
-
Название:Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:107
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».
Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги
Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, дұрысы Беснайза.
Беснайза екіге бөлінеді: Байназақ, Жолыш. Біз – Жолышпыз.
Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар.
Текестің күнгей-шығыс бетінде біреуіне біреуі жалғаса біткен екі қырат-төбе тұр. Қостөбе деген сөз содан шыққан.
Қостөбенің тап іргесінен шекара күзететін қалашық (застава) орнады. Қазақтар «застап» дейді. Конфискациялау кезінде шекарадан ауа қашқан байлардың қора жайлары иесіз қалған. Соларды жамап-жасқап жөндеді де, солдаттарға мекен-жай етті.
Шекарашылардың көбі орыстар. Қазақша білмейді. Бірлі-жарым қазақ солдаттар бар, аудармашылық жасайды. Украин, белорус дейтін де ұлттар барын қараңғы халық біле қоймайды. Түсі сарының бәрін орыс деп қарайды.
Ту сонау Украинадан, ішкі Россиядан әкелінген, басқа орта, басқа жағдайда өскен өрімдей жас солдаттар мұндағы тіршілікке бір дегеннен бейімделе кетпейді. Елге де, жерге де жұғымдары аз. Таулы аймақта жөн тауып жүріп-тұрудың өзі олар үшін әуелгі кезде оңайға түспейді.
Сондықтан солдаттар шекараға нарядқа барып, қайтқанда адаспас үшін олар жүретін соқпақ жолдардың бойына сырғауыл ағаштар қадап, ол ағаштардың бастарына сыпырғы тәрізденіп буған шөптер байлап қойған.Мал – адамның бауыр етіАуылда күнде жиналыс. Елді коллективке тарту.
Салақтатып сумка салған өкілдер келеді. Өкіл келсе, жиналыс шақырылады. Қараңғы халық аңқау бала тәрізді: кім не айтса, ауыздарын ашып тыңдайды. Өкіл боп келген адамды құдай көреді.
Колхоз жөнінде, болашақ өмір жөнінде неше алуан гу-гу әңгімелер. Колхоз болмаймын деп, қашып жатқандар бар.
Қазақтың бар өмірі малмен байланысты. Мал – тамақ, мал – киім, мал – көлік, мал – отын (отқа мал тезегі жағылмай ма?), мал – баспана (киіз үйдің бар жамылғысы малдың жүнінен жасалмай ма?).
Жәркенттен біздің үйді мият тұтып Мұқамеди, Жүніс дейтіндер келген. Жүніс шал, Мұқамеди оның баласы. Жігіт, әйелдерінің аттары есімде қалмаған.
Мұқамедидің мен құралпы бір ер баласы бар, аты Садық. Екеуіміз бірге ойнаймыз.
Садықтың сары резинкадан істелген мүйізатары бар (Рогатка). Біз, Қостөбенің балалары, бұрын мұндайды көрмегенбіз. Біздің қару-жарақ қорымызда мұндай аспап бұрын-соңды болмаған. Біздің қаруларымыз: садақ, сақпан.
– Бұнымен атса, адам да өледі! – дейді Садық. Біз сенеміз. Керемет қаруына бола басқа балалар Садықтан именеді.
Адал еттіден Жүніс, Мұқаммедилерде бір кәрілеу торы ат бар. Бізде түк жоқ. Екі үйдің аяқ лау етері сол ғана. Отқа жағатын көк тал тоғайдан сонымен әкелінеді.
Ауылдың дәл қасындағы түбекшеге тұсап қойған тор ат бір күні тұсауымен Текеске түсіп, өліп калыпты. Ішіне су толған, қарнын қампитып бірнеше адам жағаға сүйреп шығарды. Мал иелерінің сондағы боздап жылағанын көрсеңіз. Шал да, Мұқаммеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық, та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр. Қазаққа малдың қаншалық жақын екенін мен сонда білдім. Бір үйдің бүкіл үміт тіршілігі, күн көрісі торы атпен қоса өлгендей еді.Оқимын!Жас кезінде өзіміз үйде барда күндіз біздің үйдің есіктері еш жабылмайды. Даладан жарық пен таза ауа кіргізіп, есік жабық болса, мұрынды дереу бітеп қалатын көк иісінен жайымызды сақтап тұрады. Егер бар болып, қарынға тамақ салып алса, жан сақтаудың бұл да таптырмайтын тәсілі. Ал жоқ болса, уақасы жоқ. Адам тамақ ішпей де өмір сүре алатынын біз тәжірибеде көріп жүрген жандармыз.
Есік жабық кезде үй ішіндегі адамдар біреуін біреуі әзер көреді. Дастарқандағы тамақты әзер таниды. Әйнектерін кір басқан бір ғана ойық терезе үйге түсер жарықтың қас жауы.