Knigionlineru.com » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түн ортасында тергеуге алып бара ма? Айтпақшы, тергеу бітті ғой. Түн ортасында, тек атуға алып баратын шығар. Өлімнен қорықпа, өлім түк те қорқынышты емес деп өзін-өзі қанша қайрап, бойын үйреттім дегенмен, тұңғыш рет жүрегі су – у - у етіп, тұла бойы қалтырап қоя берді. Сілейіп тұрып калды. Тек айдауыл мылтықтың ұшымен итергенде ғана, ілбіп басып, алға жылжыды. Қанша айтқанмен, талай айлар бойы мекені болған, көп күн азап шеккен, қаншама ойлар мұхитын кешкен камера ғой, артына бұрылып қарағай төсекке қарады. Тұмшаланған әлсіз шамға қарады. Олардан басқа ешкімі жоқ. Басқа кіммен қоштасады? Ешкімі жоқ. Жүздеген, мыңдаған адамдарды білуші еді, біреуі жоқ. Құдайдан басқа ешкім жоқ. Ал Құдайдың қалауы осы болса - көнбесіңе не шара...

***

Кәдімгідей үлкен залдың іші жап-жарық екен. Мұндай жарықты көптен бері көрмеген Рысқұловтың көзі қарықты. Қос айдауылдың қақпалауымен тұтқынның орнына әрең тауып барып отырды. Көзі үйреніп, жан-жағына қарап еді, залда қатар-қатар орындықтар бар екен. Бірақ онда жан баласы жоқ. Tөp жаққа қарап еді: президиум үстелі қызыл мәуітімен қапталып о да бос түр. Президиум тұсына КСРО Гербі ілініпті. Терезелер қызыл перделі.

Рысқұлов сотқа келгенін түсінді. Сот емес, трибунал. Соттың рәсімі көп. Адвокат деген болады, айыптаушы прокурор деген болады. Куәлар шақырылады. Мұнда ешкім жоқ. Бірақ кейінірек келетін шығар.

Кенет жер астынан шыққандай бір дауыс:

– Встать! Суд идет, - деді. Орнынан тұратын Рысқұловтан басқа ешкім жоқ. Қос айдауыл қос қапталында онсыз да қақшиып тұрған.

Түкпірдегі есіктен аласа бойлы, жалтырбас кірді. Генерал формасы бар. Оның соңынан бірінен соң бірі тізіліп, төрт адам кірді. Бәрі де әскери формада.

Жалтырбасы армвоенюрист Ульрихтың өзі екен. Ол қақ ортада. Әлдекімдер том-том қағаздарды әкеліп қойды. Рысқұлов ол томдарды таныды. Он айлық тергеудің жемісі. Автор - Глебов. Бірақ бұл арада Глебовтың өзі жоқ. Вышинский де жоқ, Ежов та жоқ. Олар өз міндеттерінен құтылған. Олар енді басқа тұтқындармен әуре. Қамалған жалғыз Рысқұлов емес қой. Бірақ мұның соты жеке өтпек. Жанында екі айдауыл. Алдында - бес генерал.

Әскери коллегияның төрағасы Ульрих формальді түрде Рысқұловтан өмірбаянын сұрады. Рысқұлов жауап берді.

Ульрих Рысқұловтың қандай қылмысы барын тізіп шықты. Сол баяғы Вышинский бекіткен Айыптау қорытындысындағы жеті тармақ.

– Осы қылмыстарыңызды мойындайсыз ба? - деп сұрақ қойды Ульрих.

– Жок, мойындамаймын, - деді Рысқұлов.

– Қалайша? - деп Ульрих көзілдірік астынан Рысқұловқа шұқшия қарады. - Мұнда мойындаған қолыңыз тұр ғой, - деп папкаларды алақанымен ұрғылап қойды.

– Маған қолды қалай қойдырғанын білмеймін. Сірә, есімнен тандырса керек.

– Өйтіп кеңес тергеу орнына жала жаппаңыз, - деді I рангалы военюрист Костюшко.

– Мен кеңес өкіметі үшін кеудемді оққа тосқан адаммын. Менің кеңес өкіметіне қарсы істеген қастандығым жоқ, - деді Рысқұлов әлі де әлденеден үміттеніп.

– Сеңдердің бәрін солай сайрайсыңдар, - деді Вышинскийдің орынбасары Рогинский. -Сендер Вышинский жолдастың сөзімен айтқанда, екі аяқты айуансыңдар.

– Айыпталушы Рысқұлов, сізбенен тәжікелесіп отыратын уақыт емес. Түн ортасынан ауды. Бар болса, соңғы сөзіңізді айтыңыз, - деді Ульрих жексұрындау күлімсіреп.

– Менің кінәм жоқ! Жоқ! Жоқ! - деп айқайлап жіберді Рысқұлов. Бірақ оны мына меңіреу зал менен меңіреу әскери коллегиядан басқа ешкім естімеді.

– Бұлардың бәрі сөйтеді, - деді Костюшко.

Сот «кеңесу» үшін залдан шығып кетті. «Кеңесу» үшін. Мұндай формализм не керек...

Рысқұлов орындықты сықырлатып қозғалақтай берсе керек, айдауылдың біреуі иығынан түртіп:

– Тыныш отыр, - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий