Knigionlineru.com » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Түрік республикасынан бөлініп шығамыз деушілерге қарсылық жоқ. Ал бірақ кеше Мусбюро конференциясында да, Өлкелік V конференцияда да тәжік өкілдері мұндай мәселе көтерген жоқ, қайта біздің программаны толық қуаттады.

Фрунзе қос қолымен шүйделі басын қысып ұстап, тұнжырап отырып қалды. Бұл кім, алдында отырған адам? Шыннан ниеті бұзық адам ба? Шыннан қауіпті ме? Олай болса, революцияның, таптың қас жауы ретінде неге көзін жоймасқа? Теңіз толқынына былқ етпей қасқайып тұра беретін қара жартас сияқты неткен дүлей күш, неткен шыдамы берік, жігері шарболат қайсар жан? Ақылсыз, құр дүлей деп айта алмайсың. Қайта ақылы асқақ. Бұл шыннан жау болса, өте қиын-ақ. Ал революция пәруанасы болса, ондай революция бақытты. «Түркістанда туып-өскен сіз түсінбегенде...» – деді-ау. Ол рас. Мен мұны түсінуге тиіспін. Қалай, қай жағынан? Кенет Фрунзенің көз алдына соноу алыс Верныйдың Губернатор көшесінде көрген бір сұмдығы келе қалды. Ерлер гимназиясы Губернатор көшесінде болатын. Дәл гимназия қарсысында Губернатор бағы бар еді. Тәкаппар жасыл емендері асқақтаған сол бақ жан-жағынан биік шойын шарбақпен қоршаулы тұрар еді. Жай ғана шарбақ емес, әрбір қарыс сайын сояудай-сояудай істік темірлері аспанға шаншылып тұратын. Төрт жағында төрт қақпасы бар болатын. Әр қақпаның маңдайшасында: «Иттер мен киргиздарға кіруге рұқсат жоқ» деген жазуы бар тақталар қағулы тұратын.

Бір күні сабақтан шығып, енді қайда барсақ екен, Алматинка өзеніне кетсек пе, әлде тауға тартсақ па екен деп, Фрунзе өзінің достарымен парктің алдында тұрғанда, көшеден сақ-сақ еткен дыбыс естілді. Қараса, бөркін шекесіне киген салт атты қазақ, тас төселген Губернатор көшесінің қақ ортасымен, тағалы аттың тұяғын тарсылдатып, салып ұрып келеді екен. Парктің қақпасы ашық тұрғанын көріп қалып, тізгінді тартып алып, атының басын кегжең еткізіп, бақ ішіне арындата кіре бергенде, ар жағынан мылтығын кезеніп, қабасақал дәу казак шыға келді.

– Постой, скотина! Қайда?

– Ой, тамыр, пішен базарға барамын.

– Сен білмейді, что-ли, бұл парк тұрмақ, Губернатор көшесімен ат мінген, түйе мінген, есек мінген киргиздардың жүруіне болмайтынын.

– Е, қайдан білейін, бәрі Құдайдың жері емес пе?

– Көрсетемін мен саған Құдайдың жерін!

Қабасақал үскірік шалып кеп қалды. Шіркеу жақтан қылышы салпаңдап, санын соғып, едірең мұрт урядник жетіп келді. Аттың шаужайынан ұстап тұрған қабасақалдан істің мән-жайын сұрап жатпай-ақ, урядник наганының қабын сипалай:

– Түс аттан, оңбаған! – деп ақырды салт аттыға.

– Оу, мен сенің құдаң емеспін аттан түсетін, асығыс шаруам бар, е бұ жермен жүруге болмаса, басқа жолға түсейін, жібер, – деп салт атты шылбырды қабасақалдың қолынан жұлқып қалып еді, дәу неме босатпады.

Ары тарт, бері тарттан аттың басы кегжең-кегжең етіп, көзі оқшия бастады.

– А, сен әлі өкіметтің өкілін тыңдағың келмейді! – деп урядник наганды қабынан суырып алды. Бір қолымен салт аттының шалғайына жармасып, жұлқып-жұлқып қалды. Салт атты қозғала қоймады. Қайта қамшысын ыңғайлап ұстап:

– Қоя бер! – деп айбат шекті.

Салт атты урядникпен әлек болып жатқанда, қабасақал бәкімен тартпаны қырқып жіберді де урядникке:

– Тарт! – деп салт аттының ту сыртынан ер-тоқымымен қоса қопара итеріп тастады. Екеулеген күшке шыдай алмай, салт атты жерге сүйретіле құлады. Жерде жатқан «киргизді» есін жидырмай ана екеуі бет-аузына қарамай тепкілей бастады.

– Жүріңдер, мынау сұмдық қой! – деді сонда Фрунзе жолдастарына. Бір топ гимназистердің жүгіріп жеткенінен сескенген урядник:

– Мырзалар, әрі жүріңіздер, бұл жерде ешқандай қызық жоқ, – деп «киргизді» тепкілеуін қоя тұрды.

– Өкімет адамының бүйтіп жабайылыққа барғаны ұят емес пе, мұныңыз қалай? Босатыңыз оны. Мүмкін, ол қала тәртібін білмейтін шығар, қырдан келғен шығар. Бір жолға түсіндіріп, ұрмай-соқпай-ақ босатып жібермейсіз бе? – деді Фрунзе.

Аузы-басы қанап, орнынан тұрып, етегін қаққылады. Анадай жерге ұшып түскен бөркін алып, басына киді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий