Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин
-
Название:Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:242
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».
Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги
Сыншы доктор тәрізді болса, доктор: «аурусың» деп сау адамға пышақ ала жүгірсе, не ауырған кісіге дәрмен боларлық дәрі берудің орнына, ақыл айтудың орнына «тез өл!» деп, у беругe құнжындаса, ондай докторды не дейтінін жұрт өзі біледі.
Немесе, сыншы сот тәрізді болса, советтің соты тек революцияға зиянды жазалыларды ғана жоқ қылу шарасын қолданады. Ал тұрмыс базарында қате басып, адасып, заң алдында күнәлы болып қалған адамдарды жоқ қылу шарасын қолданбайды. Ондайларға түзету, қайтадан адам қылу шарасын қолданады. Төреқұловтың «сын» деп жазғаны қандай сын екені оқыған жұртқа көрінді. Төреқұлов тек мені ғана сынайды. Төреқұловтың мақсаты доктор тәрізді мені түзеу болса, рақмет, ондай далбас доктордың маған керегі шамалы. Менен басқа да клиенттері бар шығар. Төреқұлов сынағыш болса, Мәскеуде, өзі басқарған «Күншығыс» баспасында — «Алаш! Алаш!» деп зарлаған қырғыз ақыны Тыныстанов пен Мағжанды сынап, олардың кітаптарын баспасын... Бөкейхановтың мысық құрақ ертектерін сынасын. Немесе, тіпті өзінің әр кезде жазған «Дәруіш» деп қол қойған «көркем» өлең назымдарын сынасын. Солардың да ұшықтауға тиіс, тұмаулары бар-ау деймін. Демьян Бедный: «Туып-өскен еңбекші, бейнетқор халық, маған тек сенің сотың ғана мәнді. Тек жалғыз сен ғана менің әділ түзу сотымсың!» деген еді. Сол айтқандай, менің де, мінімді түзейтін шын сыншым да, шалдықсам емдейтін докторым да, қате бассам тергеп, өзінің түзу жолына салатын әділ, сыншыл сотым да еңбекші ел, жұмысшы табы.
Менің кітаптарымның кемшілігін, Маркс айтқандай, өзім де тым жақсы білем. Қанша кемшіліктері болғанмен еңбекші, жұмыскер таптың оқуына жараса, еңбегімнің еш болмағаны.
«Дұшпанның жаны шыға жамандағанынан сөзімнің тәуір шыққанын білдім», — деп Калинин айтқандай, кейбір әуре «білімпаздардың» талақша тырсия жамандағандарынан кітабым тәуірлеу жазылған-ау деген қорытынды жасадым.
Сәкен.
«Әдебиет майданы» журналы,
1929 жыл, 7-саны.
АҚИҚАТТЫҢ АНАСЫ – ШЫНДЫҚ
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінің алғашқы идеясы «Ғабдолда тірі екен» деген 1920 жылы жазылған мақаласынан бастау алып, 1922 жылғы «Октябрь төңкерісінің құрбандары» естелігімен жалғасты. Күншығыста партизан қатарында болған Абдолла Асылбековты, төңкеріс кезінде құрбан болған Шаймерден Әлжанұлы, Бәкен Серікбайұлы, Ысқақ Көбекұлы, Әділбек Майкөтұлы, Нұрғайын Бекмұхамбетұлы, Хәкім Маназарұлы, Нұрғали Қожанұлы, Амангелді Иманұлы, тағы басқаларды атай келіп, Бәкен Серікбайұлының Колчак түрмесінде хал үстінде жатып Сәкенге: «Біз өлсек те сен тірі қалсаң жақсы болар еді. Сен газетке, кітапқа жазып, біздің не үшін, кім үшін өлгенімізді айтар едің», — дегені есіне түскені және «Ардақты, естен кетпес жолдастар! Сендер өздерің өлсеңдер де қасиетті есімдерің өлмес! Қасиетті тілектерің өлмес! Ендігі тірі жүрген жолдастардың міндеті осы айтылған шаһиттердің есімдерін ұмытылмайтын қылу. Ол үшін Қазақстанда кейбір школаға, мектеп, медреселерге, оқуханаларға, көшелерге осы айтылған ерлердің есімдерін қою керек. Бұған күллі Қазақстандағы жолдастар кірісуі керек. Сөйтсек біздің мойнымыздағы борыш, жолдастық ақталады», — деп жазып, оны орындауға кіріскен болатын. 1923-24-26 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналының бірнеше сандарында «Тар жол, тайғақ кешудің» үзінділері жарияланды. Қолға қару орнына қалам ұстауға мүмкіндік туғанда орындай бастаған алғашқы азаматтық парыздарының бірі, яғни роман-эссені жазуының бірінші себебі осы еді.