Knigionlineru.com » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Бай», «кедей» деген сөздерді үлкендер аузынан естігеніміз болмаса, мағынасына онша түсініп жатпайтынбыз. Біздер үшін колхоз бастық бар, бригадир бар және қатардағы жәй колхозшылар бар. Бай боп тұрған ешкім жоқ, және бір кезде, яғни біз тумастан не бәрі он-он бес жыл ғана бұрын бүкіл бір ауылдың малы тегіс бір адамның меншігі болды деген ақылымызға онша сыймайтын. Қалайша дейміз: бір адам сонша малға жалғыз өзі ғана ие болады, колхозшылары болмаса ол малдарын қалай бағады? Әлі жететіндер барып ондай адамның өзін ұрып-ұрып, көп малдарын бас салып тартып алмай ма екен, дейміз. Сондай-ақ ішерге асы, киерге киімі жоқ тақыр кедейлер болды дегенге де сенбейміз. Ондай адам бір-ақ күнде аштан өліп қалмай ма деп ойлайтынбыз.

Әйтеуір қалай болған күнде де біздер үшін өзіміз тумастан бұрынғы өткен өмір ертегі-аңыз боп қана көрінетін. Ал біздің ауылдың өткені аңыз әңгімелер өте көп еді. Кейде соның қайсысының расында да болғанын, қайсысының ойдан шығарылғанын айыру қиын болатын. Біздер үшін оның бәрі де қызғылықты қымбат еді, елтін отырып тыңдайтынбыз.

Біздің ауыл Алмалы деп аталады, өйткені жердің атын, жабайы алма сыңсып өскен тау бөктерін солай деп атайды. Колхоз ұйысқанға дейін бұл тауда жабайы алманы қорек етіп аю өріп жүреді екен. Сондықтан болар, кейбір үлкендер күні бүгінге дейін жабайы алманы аю алма деп атайды. Ол кезде алма жегісі келгендер жүйрік атпен кеп, алманы ат үстінде тұрып жинайды екен. Егер адамның алманы үзіп жатқанын бір аю көріп қалса, қазандай тасты көтеріп ап, ақырып қуатын көрінеді. Сонда бүкіл Алмалы бойының аюлары тегіс үн қосып: «Біздің алмамызда адамзаттың ме қақысы бар»,- десіп долданысып, жер-көкті азан-қазан етіп, тітірентіп жібереді екен. (Әжеміз осы әңгімені айтып отырған кезде біздердің зәреміз ұшушы еді).

Бір көрімі, біз туған кезде сол өріп жүрген аюлардан із де қалмапты. Ол кезден қалған бір ғана белгі, әлгі алып алма ағаштың түбіндегі үңгір ғана. Оны аюлардың патшасы мекендепті. Екі адамның құшағы әзер жететін кәрі алма ағаш о баста киелі саналған көрінеді. Ары өткен, бері өткен көшпелі ел әлгі киелі ағашқа қызыл байлап, яки теңге тағып өтетін бопты. Ал аюлардың патшасы сол ғұрыпты түсініп, ондай адамға тимейді екен.

− Ол алма ағаштың түбінен өткендеріңде ең болмаса шүберек іліп кетіп жүріңдер,- деп қоятын әжеміз.

− Түу, әже, соған да сенесіз бе? Киелі түгі де жоқ,- дейтін сондайда Нәзира әпкем.

− Тек әрі! Тіліңді кесейін бе осы! — деп әжем зекіп тастайтын.

− Әжеміз діншіл адам. Ертелі-кеш аузынан «алласын» тастамайды. Бес уақыт намаз оқиды, ең соңында ылғи күбірлей сөйлеп: «Е, жаратқан, ондағысына онда, мұндағысына мұнда бір өзің медет бола көр»,- деп қоятын. Онан соң жапырлай қарап тұрған бізге: «О, жаман түгелер, кәне, алақандарыңды жайып көкемізді аман қыла көр деп, жақсы тілеу тілеңдер» — деп бұйыратын. Біз жапатармағай қолымызды жайып: «Көкемді аман қыла көр»,- «Көкемді аман қыла көр»,- деп әлденеше қайталап тілеу тілейтінбіз. Сүмірейе қалған түрлеріміз күлкілі болу керек, үй шаруасын істеп жүрген Нәзира әпкем шыдай алмай мырс ете беретін де, зытып далаға кететін.

− Осыған бірдеңе көрінетін шығар. Ой, пәтуасыз неме! — деп әжем оның соңынан күйіп-пісіп қалатын.

Тегінде, әжем мен Нәзира әпкем екеуінің арасында ымыраға келмес алшақтық болушы еді. Әпкем әжемнің әрекеттерінің бәріне, әсіресе діншілдігіне күле қарайтын да, соны сезіп қалатын әжем оған күйіп-пісіп ыза болатын.

Нәзира әпкем соғыс басталардың алдында аудан орталығында оқып, жетінші класты бітірген. Онан әрі оқыған жоқ. Көкем әскерге кетісімен апама қолғабыс етем, төрт ұсақ бала мен әжемді асырауға жәрдем етем, деп үйде қалды. Қысы-жазы апаммен бірге жүріп колхоз жұмысын істейді. Осыдан үш жыл бұрын ілмиген ап-арық қыз еді, бүгінде қол-аяғы балғадай бойжеткен болды. Көрші-қолаң кемпір-шалдың бәрі:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий