Knigionlineru.com » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Байдалы шал қайтадан ұста жаққа кетті де, біздер сол орнымызда ұйлығып қала бердік. Әжібектің мына ісін тамсана сөз ғып, сүйсініп, тауыса алмаймыз. Енді екі көзіміз Қоңыр жақта: «Қашан қайтар екен Әжібек? Не бітіріп қайтар екен? Шіркін-ай, тезірек қайтсашы»,- деп тілейміз. Ойын дегеннің бәрі жайына қалды. Түу, Әжібектің мына ерлігінің қасында ойын деген сөз бе екен. Түскі тамаққа да ешкім үйіне қайтқан жоқ. Қоңырдың жолына телміре қараймыз. Әжібекті зарыға күтеміз. Бірақ Әжібек күн батқанша қайтқан жоқ, со күйі ұшты-күйлі жоғалды.

Ертеңіне таңертең сырттан, терезенің түбінен:

− Қанат, тұр жұмысқа! — деген ащы дауыстан ояндым. Ұшып тұрып, көзімді уқалай сала, жейдемді жүре киіп тысқа шықсам, клубтың жанына кешегі жерге балалар жиналып та қалған екен, қолдарында бір-бір орақ. Бәрін үйді-үйіне барып оятып, жинап, басқарып жүрген Әжібек екен. Әжібекті көргенде қуанып кеттім. Әжем берген тамақты апыл-ғұпыл іше сап, қолыма орақ алдым да мен де жүгірдім.

Әжібек өзінің кешегі Қоңырға барып қайтқан сапарын айтып тұр екен.

− Лектірге барып, сау басыма сақина тілеп, мені жын қағып кетіп пе. Барсаң бас салып жатқызып қояды олар. Сондықтан барғам жоқ. Қоңырдың дүкеніне кірдім де елу сомға түгел екі қалтамды толтырып қамыт сатып алдым. Әй, бір тойғанымша жедім-ау. Талқан күйсегендей күрсілдеттім-ау. Былай уыстап аламын да аузыма толтырып тұрып, әй күрсілдетіп кеп шайнаймын. Қоңырдың бер жағындағы сайға келдім де, торы жорғаны шылбырмен тұсап қойып, қант пен ірімшікті қосып жеп, су ішіп рақаттанып тойып көк шөптің үстіне жатқам. Ұйықтап қаппын. Көзімді ашып алсам, күн батып кетіпті, атқа міне салдым да ауыл қайдасың деп аңыраттым… Міне, екі қалтамда да қанттың ұнтақтары әлі жүр,- деп ол екі қалтасын айналдырған. Біз алақандарымызды тосып, түйір-түйір қанттың үгінділерін тілімізге тигізіп, соның өзіне мәз боп қалдық.

− Нұғымен дәрі алдың ба деп сұраса не дейсің?

− Ой, сол нені біледі дейсің, алдым дей салмаймын ба. Міне, мына бір қалбырға салидол мен ақ топырақты араластырып шылап-шылап салып алдым, сенбесе осыны көрсетем, дәрі деп…

Кеңсе жақтан атқа мінген Нұғыман шыға келді.

− Ал дайынсыңдар ма, балалар?

− Дайынбыз.

− Онда қазір Жарбұлақтағы күздікке барыңдар.

− Ой, алыс қой.

− Жаяу қалай барамыз.

− Тәйірі, сендерге жер алыс па, жарысып ойнап қазір жетіп бармайсыңдар ма? Түсте арттарыңнан ыстық тамақ жібергізем. Ал, Әжібек бригадир, сенің бұл тұрысың не? Баста бригадаңды. Өзің кеше емханаға барып қайттың ба?

− Барып қайттым.

− Дәрі алдың ба?

− Алдым. Мінекей,- деп Әжібек әлгіндегі қалбырды көрсетті.

− Дұрыс болған екен. Ал енді бригадаңды баста өзің.

Бәріміз Әжібектің аузына қарадық.

− Немене тұратыны бар, кеттік күздікке,- деді Әжібек.

Әжібектің бастауымен Жарбұлақтағы күздікке қарай тартып кеттік. Ауылдан ұзап шығып, төбе асқаннан кейін Әжібек бәрімізді иіріп тоқтатты.

− Ақымақтар, жұмысшыға бастықтың көлік бергенін қашан көріп едіңдер,- деп бәрімізді сөгіп алды.- Мұндайда тапқырлық керек. Әне, өгіздерді көрдіңдер ме?

− Бақташысы жүр ғой.

− Көлбай керең өлсе жолатпайды.

− Қазір мен оның жөнін табам,- деді Әжібек. Сөйтті де бас киімін алып бұлғап Көлбай кереңді шақырды.

Ат үстінде одырайып біз жаққа қарап тұрған Көлбай керең далбақтай шауып жетіп келді.

− Ассалаумаликум! — деді Әжібек.

− А?! — деді Көлбай керең естімей.

Әжібек оның қасына барып, құлағына айқайлады.

− Ассалаумаликум деймін! — деді.

− Әликісалам! — деді Көлбай керең ақырын ғана.

− Сізді Байдалы ауылға келіп кетсін деді.

− А?!

− Сізді Байдалы ауылға…- деп Әжібек аттандай айқайлады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий