Knigionlineru.com » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кеште, ел жатқанша, Абай ағасының қасынан кеткен жоқ. Науқастың тілегі бойынша домбыра алғызып, көп-көп күйлер тартып отырды. Енді бағанағы балалар да келген. Абай ауруды ұйқтату үшін сол балаларға айтқан боп, «Мың бір түн хикаясының» бір тарауын да айтып берді. Балалар бұның қасынан шықпай, ертегісін телміре тыңдасты. Әрі домбырашы, әрі әңгімеші ағаны үшеуі бірдей жақсы көріп, төсекке де бірге жатты. Нұртаза мен Шұбар:

– Абай ағам қасына мен жатам!

– Жоқ, өзім жатам! - десіп, таласып кеп, екі жағынан қойнына кірді. Көздері ұйқыға барғанша, Абайды кезек тартып құшақтап жатысты.

Сайлаушы төре келіп, кешелер Құнанбаймен көп сөйлескен болатын. Жаңа болыс туралы мұның айтқанынан шығатын емес. «Жаңа закон , жаңа сайлау болады» дегеннен бері, Құнанбай өзі енді ұлық болудан тоқталмақ.

Бір кезде Арғынның бір дуан елін басқаратын аға сұлтандық бар-ды. Оған Құнанбай қызығып барып, бастық болған. Содан келе, кішірейе түсіп, Тобықтының старшыны болды. Бірақ, не десе де, түгел Тобықты «ашса алақанында, жұмса жұмырығында» болған.

Енді міне, ұлық қолы ұзарып келеді. Тұтас Тобықты да жоқ. Үш бөлінетін бопты. Мұның бір бөлігіне ұлық болу оншалық мұрат емес.

Қайта, болыс болмай сыртырақ отырса, бар Тобықтыға өз әмірі молырақ жүрмек. Ол бір.

Екіншіден, ел арасы бүгін қиындап барады. Мынау Балағаздар сияқты тынышсыздық шықты. Онымен алысу керек. Бірақ алыс пен тартыстың басы тағы өзі болса, баяғы араздық қайтадан қозданады. Өзінің тұс-тасы Бөжейлермен алысқаны бір сәрі. Енді болыс болдым деп Жігітектің жас-желеңімен, бала-шағасымен алысатын болса, ол бойға лайық емес.

Қайта оларға қолы батыл тиетін жасты салу керек. Өз тұстасымен өздері алыссын. Балалар болса ержетті. Билікті соларға артып, ақылы мен әмірін өзі тыныш отырып жүргізеді.

Үшінші, Құнанбайдың жасы болса да жетпіске тақап қалды. Енді ержеткен баланың ішінен өз орнына кісі қамдайтын мезгіл жетті.

Осының бәрін іштей ойлап, таразыға салып келіп, жаңа болыстыққа Абайды лайықтаған. Оның да бір есебі бар.

Абай әке тәрбиесінен сыртқары кетті. Қайта бар мінез, бар жүрісі оны Құнанбайдың қасында отырған қатал сыншысы етіп барады. Соңғы жылдар, әсіресе, солай боп келеді. Әкесі Нұрғанымды тоқалдыққа алғалы, Абай тіпті қашықтап жүр. Ол жөнде Құнанбай ішінен Ұлжанды айыптайтын. «Балаңды суық өсірдің» деп, биылғы жазда Ұлжанға кеп кінә таққан.

Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін әкесі танитын. Ендеше, мына тұста осындай шалғай кетіп бара жатқан баланы ұлықтықпен қайта тарту керек. Ел билеудің салмағы жас басына түссе, Абай әкенің шырғасына еріксіз келеді. Егер әкенің ойындай боп, беті түзелсе, өзге жастың қолынан шала келетін жұмыс, Абайдың қолынан молынан келеді.

Ол қайратына да Құнанбай сенетін. Ендігі байлаудың бәрі қат-қабат ойлардан туған.

Әкесі тұрып, шай ішіп болған кезде Абай келді. Дастарқан жиылған, үй іші жаңа сыпырылған, таза екен. Тәкежан Абайдан бұрын келіпті. Ұқыпты шәкірттей боп анадай жерде жүгініп отыр. Құнанбай екі баласынан басқа кісіні үйден шығарды да, сөзге кірісті...

Айтқан сөзінің бәрі де Абайға арналған сияқты. Өзінің қартайғанын айтты.

Жақсы-жаман өмірді алыс-жұлыспен өткізгенін ескертті. Кім үшін алысқан?

Осы нәсіл, осы балалардың алдыңғы тілеуі үшін алысқан. Енді міне бұлар ержетті. Өз істерін өз қолына алатын мезгіл жетті. Дос тапса да, жау тапса да, бұлар енді өздерінің тұстасынан табады. Өз заманының тілін де бұлар сырт буын кәріден оңай ұғынады. Алыстың тәсілін де тез табады. Сондайға кезектеп кірісетін осы екеуі. Бірақ, бүгін бірі болса, ертең екіншісі болар. Жол жүлдеге таласпасын. Әкенің ұйғарғаны Абай. Соның болуын мақұл көреді.

Құнанбайдың көптен бері Абайға ұзақ сөз қатқаны осы.

Абай ойланған кісі сияқтанып, аз үндемей отырып барып, ақырында тамағын қырынып алды да:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий