Knigionlineru.com » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Енді сенің бетің іркілмесін. Барған соң, басқаша боп бар! Он үйге арнап, он сегіз байтал апарыңдар. Үй басы екі еркек қой барсын! - деді. Осы айтқаны байлау болды.

Ұлжан ас ошағының басында үлкен қиындық барын, ақыл керек екенін айтып келіп, ертең өзі бармақ болды. Қасына Айғызды, Қалиқаны, Сары апаңды және бірнеше күтуші қатындарды ерте баратынын айтты. Осы кеште ұн, шай, тәтті-дәмді дегеннің бәрін де бар ауылдан тығыз қамдатты.

Өзге жайдың бәрін ақылдасып, шешіп келгенде, бәрінен қиыны қымыз болды. Сауын биені ол араға апарып байлауға болмайды. Жер тар, ел тығыз.

Қымызын анау басқа күтуші ел де күнбе-күн жеткізіп тұрмақ Ботақан ошағынан Қазбалаға қымызды мол қылып, қалет қылмай, кешіктірмей жеткізіп тұру үшін бір Абайлар емес, осы артта қалған ауыл-ауданның, кәрі-жастың бәрі кепіл болуы шарт.

Ел жатқанша, осы маңдағы жиырма ауылдың бар үлкендерін Абай мен Ұлжан тегіс шақыртып ап, тағы кеңес жасады. Астың басы бір басқа. Осы ауылдың өзінде қалып, үнемі айдаушы боп отыратын аса мықты кісі осында керек. Құдайберді ол міндетті өз мойнына алды. Оған Жақып, Жұмағұл, Ырсай сияқты үлкен туысқандар айғайшы болмақ.

Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі:

– Байлауын байладың. Енді, түге, жат жиынның алдында жас балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге еткен қызметтен бастарың кішіреймес. Араз-құразды ұмытыңдар адам болсаң! Тірісінде алғыс алмасаң, енді тым құрыса, өлі аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен келіндерім, сендер де төбеңмен жүр! Отымен кіріп, күлімен шық қонағының!

Ердің сыны шабуыл мен шаптығуда емес - кішіпейіл, мейірде! Шалдықсаң да қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабырайып, желігіп те кетпеңдер!

Жым-жырт, момын жүріп күтіңдер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой міне, өл де маған! Бірі қырт, бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда - осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! - деді.

Соңғы айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт көзі түгел отыр еді. Мылжыңы мынау - сары сақалды Жұман.

Даңғойы анау - Майбасар. Мақтаншағын айтса - Құнанбайдың ұлықтығын бу көріп, осы Ырғызбай шетінен бөспе болатын.

Зереге дау айтуға батылы бармаса да, Майбасар ішінен қыжалданып, мойнын сырт қайырып отыр. Бар Ырғызбайдың анасы. Өзінің ашуы әлі қатты.

Томырылып кетсе, тіпті Құнанбайды да қорқыту қолынан келеді. Оны Майбасар талай көрген. Енді, ыза болса да, амал жоқ.

Зере сөзін бітіргенде, Майбасар қасындағы Ұлжан жеңгесін түртіп қойып, ақырын күңкілдеп:

– Қап, мына тентек кемпір ме! Исі Ырғызбайдың ақсақал, қарасақалын жиып ап, қылып отырғанын қарашы. Енемізді әбден ұрды-ау, масқара-ай!

Даңғой дегені ғой дәл мен осының! - деп еді. Қасында отырып, сөзін естіген жұрт күліп жіберді.

Майбасар Ұлжанның тасасына бұғыңқырап отырып, қуланып көзін қысып:

– Әне біреу айтқаны кім екен десеңші, тағы бұның? Ана «мылжың» дегенін айтам! Ондай да бар ма еді? - деп, тоқтай қап, Жұманды көзінің астымен бағып отыр.

Сағал көз, сары сақал Жұман бұның мысқылын сезген жоқ екен.

– Ой, сығыр мұндар, білмей отырмысың? Мылжың деп, қырт қып, жазған, мені айтат та! - дегенде, жұрттың бәрі ду күлді. Енді сөз бітіп, жұрт қысыр кеңеске кететін тәрізді. Абайлар іске асығып, тұрып кетісті.

Топтан шыға бере, Абай Жұман мінездерін еске алып, күліп жіберді. Бұл туысқанның қырттығы, шынында, дау-дамайсыз-ақ айқын. Өткен күзде біреулер:

– Жидебай мен Мұсақұлдың арасы қанша шақырым келеді екен? - десіп отырса, осы Жұман:

– Жидебай мен Мұсақұлдың арасын мен айтайын. Былтыр айт намазынан қайтып келе жатып, қолдан санағам. Дәл бір мың екі жүз отыз жеті «Лә илаһа илалла» болады екен! - депті.

Абай осыны еске түсіріп, ішінен Жұман үшін жаман ұялды. Мырс етіп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий