Knigionlineru.com » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кел, мін! - деп, бір-ақ байлады да, Абайды аяғынан алып көтеріп, жайдақ биеге мінгізді. Досының мына мінез, мына сөзіне Абай аса қуанып кетіп, қатты риза боп:

– Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің? Дос жақсысы сен екенсің ғой... Естен кетпес іс еттің-ау! - деді.

Сүйткенше Ербол өзі қызыл өгізге мініп ап, бас жібін Абайға ұстата беріп:

– Абай, сөзді қой, тарт! - деді.

Көк бие мұз ішінде пысқырып, толқып, тайғанақтап отырса да, жығылмады.

Қызыл өгіз де қара тартып еріп отырып, аман шықты.

Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен, өгіз бен биені қоя берді де, жарды жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа шықты. Содан Ерболдың үйіне келді.

Қораның алдына жете бере, Ербол Сүйіндік қыстауының жанында, төбе басына шығып, биесін көздеп жүрген қойшыны көрді.

– Өй, көк биенің бүгінгі еңбегі жетеді. Ол қойға бүгін бармайды. Бүгінше қойыңды жаяу бақ! - деп, қылжақтай күлді.

Абай үйге кірген жоқ. Далада тұрып, атын ерттетіп алды. Ерболмен соншалық ырзалықпен, шын досша қоштасты да, өзенді құлдап, желіп жүріп кетті.

Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған.

Әр қыстаудың жанындағы тақыр көгалдарда аздаған ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Жас қозы, бота, бұзаулар да әлі қораны жағалайды.

Жазғытұрғы ауыл қолдан түлеткендей біртүрлі бір жас иіске, жас өмірге толы. Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар, лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. Үлпілдек жүн, үлкен қара көзді боталар көрінеді.

Жылқы ішінде ұзын құлақ, бұйра жүн, сүйкімді құлындар көбейген. Ересек тартқан, тез шираған бұзаулар да құйрығын шапшып ап, тынымсыз безіп, ортқып ойнайды. Осындай өрбіп өскен бар жанды, дүние тіршілікті даттайды.

«Өнген, өскен жарастығы біз». «Жоқтықтың барлыққа жіберген келгіні біз» дегендей шаттана жайнайды.

Құнанбайдың екі аулы да Жидебайға жиылған. Әр үйде қысыр сауылып, жылтыр қара сабалар ертенді-кеш күрпілдеп, пісіліп жататын.

Жалғыз Құнанбайдың өз ауылдары емес, исі Ырғызбайдың, Топай, Жуантаяқтың да көп ауылдары Құнанбайды зор қошеметпен қарсы алды.

Әлденеше күн сүйінші тілесіп шапқыласқан жақындар топ-топ болып, Құнанбайға келеді. Сәлем беріп, қонақ болып, қалың-қалың жиындарды өз ауылдарына ертіп барып, ертеңді-кеш қонақ қылып жатты. Биылғы қыс жайлы боп, жақсы өткен. Сүр мол. Пішенге байлаған, Құнанбайға сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын.

Малды ағайынның бірталайы сондайлардан сойып, Құнанбайды барлық шеше, бәйбішелерімен, бала-шаға, туысқандарымен шақырады.

Баласына айтқан көкқасқасын Зере сойған. Күнкенің, аулына апарып, Құнанбай өзі айтқан көкқасқасын да сойды. Бұл екі күнгі сойыс Құнанбайдың ел жиып, ру-руды жақынға, жатқа бөліп, екшеп алуына қажет еді. Бейнет кешіп келгенде, алдынан шыққан кім, шықпай қуанбай қалған кім? Соны айыру үшін керек.

Осындай жиында үлкенді-кішілі рулардың атқамінер, ақсақал, қарасақалы араласып жатты.

Анау күздегі екі ұдай боп қалған Көкше сияқты рудың басшысы Қаратай енді Құнанбайдың алдынан шығып баурына кіріп алған. Күндіз-түні тізесі айрылмайды.

Кешелер: айдалды, жеңілді, ұлықтық, бектіктен айрылды деген Құнанбай, енді осы аман келісінің өзімен, старшын боп келумен бұрынғы лақапты жалғанға шығарған.

Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті. Соның бәрінің үстіне мынадай көл-көсір қонағасы, ұзақ жиын, жағалай сойылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышы емес. Бұның ішінде шеп жию, батамен табысу, ыдырағанды қайта құрау, құрсауын бүтіндеу - қысқасы, мерейін тағы аспандатып асыру бар.

Осындай сыртқа айбын, ішке медеу болған тойлар жарты айдай айықпады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий