Knigionlineru.com » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Европаның үлкен қалаларындағы базардың ең зоры, тіптен жылында бір рет болып тұратын жәрмеңке де Африканың тап осы адам саудасындай қызбайтын шығар. Жергілікті халықтар үшін базар—үлкен мейрам болып саналады, олар осы мейрамның құрметі үшін барын киініп «жасанып» шығады десе орынсыз болар, әйтсе де салтанатпен шығады. Жергілікті сәнқой еркектер мен әйелдердің сәнденіп киінуі шаштарын тарап өру. Кейбір еркектер шашына басқа біреудің шашын қосып өріп тас төбесіне қоқырайтып түйіп қойған. Енді біреулері шашын егеуқұйрық тышқанның құйрығы сияқтандырып таспалап өріп омырауына салбыратқан да, төбесіне қызыл қауырсыннан үлпілдетіп үкі қадаған. Үшінші біреулері шашынан кішкентай-кішкентай бірнеше мүйіз шығарып, тарқатылып кетпесін десе керек, қызыл балшықпен сыбап тастаған да, сыртынан қалың қылып май жаққан.

Сәндеп өрілген өз шаштары мен жалған шаштардың бәрін темірден, сүйектен жасалған түйреуіштермен және таяқшалармен түйреген. Кейбір сәнқойлар мұндай безенуге көңілі көншімей, шашын түрлі түсті моншақтармен бунақтап, қақ ортасына оюлаған сүйек сапты пышақ шаншып қойған. Әйелдері шаштарын безегенде, ширатып өріп, толып жатқан тұлым, кекіл шығарады. Олардың арасында шаштары арқасына түсіп немесе маңдайын жауып кетпеу үшін артқа қарай қайырып тарай салған бірсыпыра сүйкімді жас әйелдер де бар. Жергілікті халықтың еркек-әйелдері шаштарын тегісінен қою балшықпен, сандал ағашының шайырымен жалтыратып сылап тастайды, алыстан қарағанда жергілікті сәнқойлардың басын қабыршақпен қаптаулы екен дейсің.

Бірақ бұл кербездердің сәнденуі тек шаштарын әшекейлеумен ғана тынады екен деп ойламаңдар. Адамда құлақ деген мүше бар ғой, оған ағаштан жасалған таяқша,— әдемі оюлы бақыр сырға, маис сабағынан өрілген шұбыртпа салуға немесе шақша орнына қолданатын қабақтың кішігірім қауашақтарын іліп қоюға жарамаса, құлақтың қажеттігі қанша? Соншама көп жүктің салмағымен құлақтың сырғалығы созылып иыққа жетеді, мұны сәнқойлар елең қылмайды.

Африканың жабайы адамдары қалта дегенді білмейді, сондықтан пышақ, темекі тартатын трубка, шақша сияқты мәдениетті елдердің қалтаға салып жүретін ұсақ-түйек заттардың бәрін олар құлақтарына іліп жүреді.

Мойын, білек, балтыр, жіліншік сияқты адамның дене бөлшектері жабайылардың пікірінше, бақырдан немесе қоладан жасалған білезіктер мен сақина, әртүрлі моншақтардан құрастырылған алқа салу үшін табиғаттың өзі әдейі жаратқан. Адамның терісін де нақ солай сәндеу керек, ол да жаратылыстың әмірі көрінеді. Олар терісіне инемен шабақтап ағаштың, құстың, айдың суреттерін немесе иректеп мәнер-қал салады. Бұл мәнерлер ертедегі египет халқының суреттеріне ұқсастығы бар депті Ливингстон. Терісіндегі мәнерлерге қарап адамдардың қай рудан екенін білуге болады. Егер сіз өз еліңіздің таңбасын салатын күймелі арбаңыз болмаса, төсіңізге салуыңыз керек.

Еркектерінің киімі қарадүрсін, белінен тізесіне түсетін бөкен терісінен тігілген алжапқыш немесе шөптен тоқыған белдемше. Әйелдері де бірыңғай киінеді: түрлі түсті жібекпен кестелеп маржан қадаған көк белдемше киеді, белін моншақ қосып өрген белбеумен буады. Кейбір әйелдер белдемше орнына шөптен тоқыған алжапқыш байлап алған, мұны тоқыма ламба деп атайды, оны көк, сары немесе қараға бояйды...

Бірақ әдемі киімді олардың байлары ғана киеді. Ал жүк көтерушілер мен еріксіздер жалаңаштың аз-ақ алдында.

Ол елде күллі ауыртпалық әйелдерге түседі. Жәрмеңкеге келген әйелдер талдан тоқылған үлкен кәрзеңке арқалап базар алаңына келіп товарын түсіреді де, босаған кәрзеңкелерін қасына қойып ішіне өздері кіріп отырады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий