Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев
-
Название:Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:107
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».
Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги
– Мына кітапты танисың ба?
Столдың тартпасынан суырып алып көрсеткен әлгі кітап «Күй» еді. Көзіме жылы ұшырай кетті.
– Танимын.
– Сенің кітабың ба?
– ... менікі...
– Қайдан алдың сен мұны?
Не айтарымды білмеймін.
– Айт, қайдан алдың? Үн жоқ.
– Бұл қайтып сенің кітабың болады? Мына мөр не? Арада бір минут өткенде мен тергеушіге барлық шынымды айттым.
Сұрақ бітті. Мені қанаттағы бос бір бөлмеге кіргізді де, қамап қойды. Есікті жауып, сыртынан құлып салып жатуы адамға жаман әсер етеді екен.
Түн болды, жіберген жоқ. Осында түнеп шықтым. Таңертең Күлімбала жеңгем бір шәйнек шай, бір жапырақ нан алып келді. Кәдімгі қамаудағы адам тәріздімін, шайымды жаман бір ескі матрацты төсей салған жер төсектің үстінде отырып іштім.
Кенет, қора жақтан біреулердің шуласқан дауысы естілді. Таныс дауыс. Жолдыбай. Орнымнан ұшып тұрып қарадым. Тағы да сол Бүркітбай, Жолдыбайды айдап алған. Анау жүр деп итермелейді. Жолдыбай итерме, өзім де жүре алам деп, Бүркітбайға ырық бермей, кіжініп тұр.
Түске таман мені де, Жолдыбайды да босатты. Олжа кітаптың бәрі милиция арқылы кітапханаға қайтарылды. «Ұрлық түбі қорлық» болатынын мен тәжірибеде осылайша бір сынап көрдім.Махаббат хатыӘй, осы махаббат хаты дегенді қойсаңызшы. Бағышталған адамына жетпей қап, қолды болып жататын да осы хат. Қаншама тату-тәтті жүректерді қызғаныштың қызыл шоғына қаритын да осы хат. Ойлап отырсаң, бұл хаттың рақаты да машақаты да мол. О, махаббат хатын жазуға құмартушылар! Менің мына айтайын деп отырған әңгімемнен сабақ алындар.
Ағайым тағы да Алматыға бір айлық курсқа оқуға кетті. Үйде енді Күлімбала екеуміз ғанамыз. «Ей, келіншек, сызылып бос отыруың жетеді, жұмысқа шық» деп, құжбандай боп, келіп тұратын Бәзіл бригадир мұнда жоқ. Мұнда бірақ, Қазбек бар. Иә, иә, ағайым барда біздің үйден шықпайтын, ағайымның жан жолдасы, анау санақ мекемесінде істейтін жылтыр бет Қазбек...
Бір күні біздің үйге Жолдыбай келді. Екеуміз өзенге қарай кетіп бара жатыр едік, арт жағымыздан Күлімбала шығып, айқай салды:
Қасына барған Жолдыбайды Күлімбала үйге ертіп кіріп кетті.
Мен әлгі орнымда таңырқағандай болып тұрмын. Жеңгем, менің жеңгем, неге мені шақырмай Жолдыбайды бөлектеп шақырады?
Жолдыбай көп кешікпей шықты. Анадай жерде тұрған маған, саған айтатын қызығым бар дегендей жымиып, көзінің астымен қарайды. Оның соңынан Күлімбала да шығып, бізді бақылап тұр.
Жеңгем саған не айтты деп, Жолдыбайға жабыса кетуге әдейі байқауға алып тұрған Күлімбаладан қаймықтым. Былай таман ұзаған соң сұрамақпын. Жолдыбай өзі де айтпай шыдамас. Суға барар жолда әлгінде айтқан санақ мекемесі бар (Қазбектің мекемесі). Сол араға таман келгенде, Жолдыбай үндеместен кеңсеге қарай бұрылды. Мен де бұрылдым. Бөрене үйдің алдына келіп, міне, енді іркіліп тоқтап тұрмыз. Күлімбала бұл арадан бізді көрмейді.
– Не, айтты ол саған?
Жолдыбай қылмаң-қылмаң етеді, бір қолы қалтада.
– Саған бір нәрсе көрсетейін бе?
– Көрсет!
Жолдыбай маған конвертке салынып, аузы желімделген, екі бүктелген хат көрсетті. Адрес жазылмаған.
– Жеңгең Қазбекке бер деп, берді.
Менің ішім мұздай болып кетті. Жеңгем Казбекке не жазуы мүмкін? Айтатынын былай-ақ айтпай ма? Мұнда бір гәп болмаса неғылсын!
– Ашып, оқысақ қайтеді? – дедім Жолдыбайға.
– Қалай ашамыз?
– Ақырын ептеп ашамыз да, оқып, содан соң қайта желімдеп, апарып береміз.
Жолдыбай бірден келісті. Әйел-еркектің құпиясын ол менен гөрі көбірек біледі де, көбірек түсінеді.