Knigionlineru.com » Казахские книги » Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Для того, чтобы столкнуться с масштабной темой, пронизанной реалистичной и картиной, и детской наивностью, необходимо прочитать произведение казахского писателя-классика Б. Сокпакбаева. Таким произведением является повесть «Путешествие в детство».

Путешествие в детство / Балалық шаққа саяхат - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен оқуға ынталы болдым. Шешем оған қуанатын. Шұқшиып сабақ жазып отырсам:

– Менің жаным үлкейгенде өкіметші болады, – деп көтермелеп қоятын.

Оқыған, ел басқару қызметінде жүрген адамдарды ауыл қазағы «өкіметші» дейтін.

Ал менде арман көп. Бір арманым Сағатбайға ұқсап мұғалім болу; екінші арманым дүкенші болу.

Өзге балалар секілді жас кезімде мен де тәттіге құш­тар едім. Кәмпит түгіл, қант қолға оңай түспейді. Дүкенде қант қабымен тұрады. Қанша жеймін десе де дүкеншінің еркі.

Мен дүкеншіні дүниедегі ең бақытты адам деп есеп­теймін. Ертеден кешке дейін ол аузы босамай кәмпит жеп тұрмайтынына таңырқаймын. Мен болсам, еркім­ше жер едім.

Дүниеде кәмпит жегеннен басқа да қызық бар деп мен ойламаймын.

Қолыма он, жиырма тиын түссе, дүкенге жүгіремін. Бірақ тиыны құрғыр біздің қолымызға лотореянын ұты­сы секілді тым сирек түсетін еді.

Бір күні Сатылған ағайым маған қант алып же деп, бү­тін бір сом берді. Бұрын он тиын, жиырма тиын бере­тін. Өмірімде тұңғыш рет қағаз ақша ұстауым осы шығар.­

Әлгінде ауылға арбамен көшпелі дүкен келген. Ауыл совет кеңсесінің қасында сауда жасап тұрғанын көрген едім. Жерден жеті қоян тапқандай болып, жүгі­ріп сол араға келейін. Арба жоқ, кетіп қалыпты.

– Әне, кетіп барады, – деді біреулер.

Қос ат жеккен жүрдек арба ауылдан шығып кеткен.­ Сүмбенің жолымен зымырап барады. Арбада бір қап қант бар. Қуып берейін. Жалаң аяқ, жалаң баспын. Екі өкпемді қолыма алып, ұшып келем.

Арбаны қуып жеттім. Сатушы не боп қалды дегендей аң-таң. Мен ентігіп сөйлей де алмаймын. Тек бір сомды ұсынып:

– һант... һант, – деймін.

Дүкенші болуды армандауыма және бір себеп – бүтін, жақсы киіну үшін.

Шешеме де бастан-аяқ жаңа киімдер алып бермек­пін: жаңа мәсі-калош, жаңа орамал. Батырқанның әйелі­нің кемзалындай жаңа барқыт кемзал, т. т. Берке­нім әперді деп, жарқылдап киіп жүрсін. Сүмбеден Бөп­ке апам келгенде мақтанып айтып отырсын. О, Бөпке апам қандай! «Дүкеншімін деші, жаман неме. Жүр дүкеніңе, не бар, көрсет? Көйлегім тозып кетті, көйлек алып бер. Басыма кимешек алып бер. Әсбеттің мәсі-калошындай мәсі-калош алып бер. Сен дүкенші болған­да, кимеген киімді қашан кимекпін?».

Немене, аяймын ба? – Бөпке апамды да бастан-аяқ су жаңа киіндірем. Басқа кемпірлер оған қызғанышпен­ қарайтын болады. Несі бар, кисін менің арқамда. Мен үйлеріне барғанда оның жаны қала ма? Қалмайды.Менің жауым – ЖанбосынЖиын-терін қарға араласып, әрең бітті. Астық, астық деп қарбаласқан айқай-шу басылды.

Мектептің тарс бекілген есігі қайта ашылды. Кіш­кен­тай жез қоңыраудың шыңғыр-шыңғыр еткен сүй­кімді дауысы бізді талайдан бері бос қаңырап қалған класымызға қайтадан шақырды. Аузын ашса, ғылым мен білім, неше алуан қызғылықты әңгімелер фонтанша атқылайтын Сағатбай мұғалім өзінің құтты орнына қайтадан келіп отырды. Бұл күнді менің қалай сағынып­ күткенімді сіз білсеңіз етті.

Мен сабақтан қалмауға тырысушы едім. Әлдебір себеппен қалып қойсам, ол күн мен үшін ең бір қайғылы­ күн. Сағатбай неше алуан қызғылықты жаңа әңгімелер айтты, мен оны ести алмай қалдым-ау деп, өкініп қасі­рет жұтам.

Жақсы оқыған баланы мұғалім де жақсы көреді. Жаман оқысаң, жаман көреді.

Батырқан ұлы Жанбосын нашар оқушы еді. Көбейту кестесін айта алмай, түйедей боп, шатып-бұтып тұрады.­

– Бердібек, сен айтып жібер, – дейді мұғалім.

Мен орнымнан тұрар-тұрмастан құран оқығандай заулатам:

Екі жерде екі – төрт,

Екі жерде үш – алты,

Екі жерде төрт – сегіз,

Екі жерде бес – он.

Кідіріп-мүдірместен «тоғыз жерде он – тоқсан» деп, бір-ақ тоқтаймын.

– Жарайсың! – деп, мұғалім мені риза болып мақтайды. Қатарымдағы Жанбосын әлі отырмай, түрегеп тұр. Сағатбай оны көзге шұқып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий