Knigionlineru.com » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уөәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай бол­май шығады. Не етқызуыммен, не басқа бір себеппен­ тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс!

Таңертең мамам жайлауға қайтпақшы болды. Атын әкеп, ерттеп бердім. Ол менің басымнан сипап тұрып:

– Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шулыған шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме. Осы көрген азабым да жетеді, өмір бойы сенің күйігіңді тартып жүре алмаймын енді мен. Әкеңнен қалған үй мүлікке өзің ие бол, мен бұл үйден кетемін, – деді.

Бұл сөзді естігенде, менің көз алдыма жағал мото­циклімен Қаратай елестеп келе қалды. Ол маған мұртынан күліп, масаттана қарайды: иә, әкетемін мамаңды. Сен әжең екеуің осы үйді бағып қаласыңдар.

Мамамды құшақтай алдым:

– Жоқ, маматай кетпеші, кетпеші, жаным мама. Енді­гәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін... Көңілім босап, көзіме жас қаймақшып келіп қалды.

Мамам қолын иығыма салды.

– Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда да кетпеймін.

– Күйеуге тимеші, маматай...

– Адыра қалсын күйеуі... Мен үшін сенің адам бол­ғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ, – деді мамам.­

Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын. Көңілім көтеріңкі, бойым сергек. Мамамның: «Адыра қалсын күйеуі. Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ», – деген сөзі құлағымнан кетер емес. «Сенші маған, маматай. Адам боламын, қалай да адам болам. Мынау деген жазушы болып шықпасам неғыл дейсің. Мен енді кешегі Қожа емеспін, басқа Қожамын. Өзгерген Қожамын. Бүгін менің жаңа өмірімнің бірінші күні».

Нұрила кемпірдің үйінің алдында қара қаншық сүйек кеміріп жатыр. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тасты іліп алдым. Тұсынан өте беріп, қаңқ еткі­зіп дәл бүйірден жіберіп қалмақшымын. Кенет сап етіп, бір ой келді басыма: «Япыр-ау, бұл ит маған не істеді? Мен оны неге ұрамын? Сосын үйдің иесі шықпай ма жүгі­ріп. Қарғап, тілдемей ме мені? Тәртіпсіздік деген міне осындайдан туады екен ғой».

Қолымдағы тасты былай лақтырып тастап, өзімді-өзім іштей сөгіп, жөніме кете бардым.

Келесі көшеге бұрылғанда, алдымда Жанар кетіп бара жатқанын көрдім. Қоңыр көйлектің етегі дөңгелене төгіліп, шағын бойына жарасып барады. Басында мен ұнататын қызыл беретка. Қолтығымнан қанат біт­кендей жеделдей басып, Жанарды лезде қуып жеттім. Ол менің сыбысымды естіп, жалт бұрылып қарады.

– Саламатсың ба, Жанар?

– Амансың ба.

Жанардың сол жақ иығына жұққан болмашы әк көзіме шалына кетті.

– Жанар, иығыңды былғап алыпсың ғой?

– Кәне?

– Міне.

Шертіп-шертіп жіберіп едім, әк кетіп қалды. Және сүрт­кілеп жатырмын. Жанардың жұп-жұмыр әдемі иығы алақаныма біліне түскен сайын айырылғым келмейді.

– Рақмет, – деді Жанар.

Екеуіміз қатарласып келе жатырмыз.

– Кеше сен қорықтың ба, оқудан шығарады екен деп?

– Неге қорқам, шығарса, Сартоғайдағы нағашым­дікіне барып оқитын едім. Сен білесің бе, ондағы мек­тептің қандай екенін?

– Қандай?

– Екі этажды. Физкультура залын көрсең ол мек­тептің...

Не болса соны сөйлеп бара жатқанымды сезе қойдым. Біраз мүдіріп, төңірегіме қарап алдым да, кенет:

– Жанар, – дедім.

– Не?

– Менің кешегі хатты кімге жазғанымды білесің бе?

– Қай хатты?

– Жиылыста Жантас айтқан хатты... Жанардың жүзі қып-қызыл болып кетті:

– Кімге жазып едің? Өкпем аузыма тығылды.

– Жай... ойнап айтам... – дедім.

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий