Knigionlineru.com » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соколовоның солтүстік-батысындағы орманның ішінде жиналдық. Рекогносцировка деген әскери термин бар. Оның мақсаты не? Жергілікті жерді карта бойынша зерттеп, командир алда ұрыс болатын орынды өзі барып көруге, оның сипатын, дұшпанның орналасу жағдайын бақылап, зерттеп білуге тиіс, содан кейін барып қана қай жақтан соққы беру, ұрыс жүргізген кезде қандай маневр қолдану керектігін шешеді. Батальондарда қару-жарақтан винтовка мен автоматтан басқа ештеңе болған жоқ. Артиллерия кейінде қалып қойды.

Барлық бөлімшелер командирлерін жинап алып, жергілікті жерді көзбен көріп, зерттеуге шықтық, сөйтсек бұрынырақта картада белгіленген жер жағдайы мүлдем өзгеше екен.

Старая Руссадан Холмға дейін керіліп үлкен жол жатыр, одан әрі Бородино деревнясы тұр. Үлкен жолдан Соколово мен Трошковоға және оның маңындағы шағын екі деревняға бұрылатын жол бар.

Егерде біз дұшпаннан Трошково деревнясын тартып алатын болсақ, онда Соколово деревнясын азық-түліксіз қалдырмақпыз. Бұл жерде негізгі үлкен жол мен екі шепті бойлай өтетін қара жол бар болатын. Бұйрық бойынша Трошковоны алсақ, қойылған міндет орындала ма? Шын мәнінде міндет орындалмайды. Аздаған шығынмен оны алған күннің өзінде бұдан не шыға қоймақ? Дұшпан осы деревнялардан бізге қарсы оқ жаудырады. Полк онда қандай жағдайда қалмақ? Ол дұшпан оғының бұғауына, оның торына барып түседі. Бүгін болмаса, ертең құрбан болады. Бірақ сонда не үшін өлмек? Біз Соколово деревнясы үшін арпалысып жатқан жауынгерлердің жағдайын жеңілдете аламыз ба? Тіпті де олай емес. Немістер басып алған жерде екі жол бар, қазір олар екеуін де иеленуде. Демек, біз көтеретін барлық шығындар бізге ешқандай да пайда келтірмейді.

Бұл жерде түбірден соғуға арналған неміс әскерінің тұтас бір тобы «Өлі бас» деген дивизиясының бөлімдері шоғырланып топталған...Мен жоғарыда, командир творчестволық адам болуы керек деп айтқан едім. Өйткені шешім қабылдар алдында алдымен оны байыптап, ойлап алу қажет. Шешім қабылдаудың жүздеген жолы бар, оның бәрі де зерделеуді, ойланып-толғануды қажет етеді. Жер жағдайын бағдарлап, зерттеп, шешім қабылдайтын командирдің жайын осыдан-ақ түсіне беріңіздер. Қазақша айтсақ, ол тәуекелге бел байлап кіріседі.

Командир белгілі бір шешім қабылдап, «осылай ету керек» десе, егер бұл шешім әбден байыпталынып жасалынса, оның иығынан басып тұрған ауыр жүк түскендей болады. Егер ол мұндай пікірді ойланып, салмақтап барып айтпаған болса, онда оның зардабы ауыр, тіпті қайғылы да болуы мүмкін. Не істеу керек? Трошковоны әйтеуір жаудан тартып алдым аты үшін бір полкты жер жастандырып, із-түзсіз өлу — бұл бос, жөнсіз нәрсе болар еді, жығылсаң — нардан жығыл деген. Сөйтіп алда сан тарау жол, әртүрлі шешім тұрды. Қойылған міндеттің мәні мынада еді. Соколоводағы жауды азық-түлікпен, жабдық жеткізетін жолдан айыру үшін барлық жолды тегіс қиып тастау керек, сонда Соколовоға азық-түлік жеткізу тоқтатылады. Бірақ жолды қандай күшпен алмақпыз? Артиллериялық даярлық жасауға артиллерия керек, қолда винтовка мен автоматтан басқа ештеңе жоқ. Не істеу керек? Тағы да немен, қандай әдіспен алу керек деген сұрақ мазалайды. Әрине, артиллериялық атыспен. Ол бізде жоқ. «Басмашылық» әдіспен алу керек, яғни дұшпанды аңдаусызда бас салып, оны ту сыртынан соғу қажет деген ой оралады. Не де болса — тәуекелге бел буу керек.

Мынандай шешім қабылданды: барлық алты жолды және барлық алты елді мекенді тартып алу қажет. Біреуін тартып алудың керегі жоқ, бәрін бірден тартып алу керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий